"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сағыз ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көшесіне Мәңгілік Ел көшесі;
№2 атауы жоқ көшесіне Мұрат Мөңкеұлы көшесі;
№3 атауы жоқ көшесіне Әл-Фараби көшесі;
№4 атауы жоқ көшесіне Әбілқайыр хан көшесі;
№5 атауы жоқ көшесіне Абай көшесі;
№6 атауы жоқ көшесіне Махамбет көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сағыз ауылдық округінің әкімі | У. Адилов |