"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 32 "Құрманғазы ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы Құрманғазы ауданның әкімі |
М. Мурзиев |