"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының ""Б" корпусы Мақтарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 32-224-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |