Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 534 "Мақтарал аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мен атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі | Б. Асанов |