"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының "Мақтаарал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі № 46-290-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |