Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ордабасы ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Бөржар ауылдық округінің Бірлік елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,5 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Бірлік елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 135,6 гектар болып белгіленсін;
2) Бөржар ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,44 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 157,0 гектар болып белгіленсін;
3) Бөген ауылдық округінің Кемер елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 11,3 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөген ауылдық округінің Кемер елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 25,0 гектар болып белгіленсін;
4) Жеңіс ауылдық округінің Дихан елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 19,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Жеңіс ауылдық округінің Дихан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 24,9 гектар болып белгіленсін;
5) Қажымұхан ауылдық округінің Ынталы елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 45,5 гектар жерлерді қосу арқылы, Қажымұхан ауылдық округінің Ынталы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 261,3 гектар болып белгіленсін;
6) Қажымұхан ауылдық округінің Амангелді елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 5,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қажымұхан ауылдық округінің Амангелді елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 101,49 гектар болып белгіленсін;
7) Қажымұхан ауылдық округінің Боралдай елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 32,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қажымұхан ауылдық округінің Боралдай елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 85,9 гектар болып белгіленсін;
8) Қараспан ауылдық округінің Көлтоған елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,2 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Көлтоған елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 193,2 гектар болып белгіленсін;
9) Қараспан ауылдық округінің Жаңатұрмыс елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 8,18 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Жаңатұрмыс елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 34,7 гектар болып белгіленсін;
10) Қараспан ауылдық округінің Берген Исаханов елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,6 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Берген Исаханов елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 86,78 гектар болып белгіленсін;
11) Төрткөл ауылдық округінің Ақсары елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 33,4 гектар жерлерді қосу арқылы, Төрткөл ауылдық округінің Ақсары елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 50,1 гектар болып белгіленсін;
12) Төрткөл ауылдық округінің Нұра елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Төрткөл ауылдық округінің Нұра елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 30,8 гектар болып белгіленсін;
13) Шұбар ауылдық округінің Сарытоғай елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,8 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұбар ауылдық округінің Сарытоғай елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 45,1 гектар болып белгіленсін;
14) Шұбар ауылдық округінің Аққойлы елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 9,68 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұбар ауылдық округінің Аққойлы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 49,38 гектар болып белгіленсін;
15) Шұбар ауылдық округінің Тоқсансай елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,2 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұбар ауылдық округінің Тоқсансай елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 137,5 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысы мен Ордабасы аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысы мен Ордабасы аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ордабасы ауданының әкімі | Б. Батыршаев |
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |