Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 - тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ордабасы аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Ордабасы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4321 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |