"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 27 бабына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 67/2 Ордабасы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5816 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |