Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 12/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |
2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 33/2 шешіміне қосымша |
Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар".