Отырар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 19/108-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қазанда № 30007 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының мәслихатының хатшысы М. Манапов

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2022 год по Отырарскому району

Решение Отрарского районного маслихата Туркестанской области от 28 сентября 2022 года № 19/108-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 октября 2022 года № 30007. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", маслихат Отрарского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2022 года включительно – 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2022 года.

      Секретарь маслихата Отрарского района М. Манапов