"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 25 қарашадағы № 38-201-VI (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5924 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | Н. Бектуреев |