Жетісай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Жетісай ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 қазандағы "Жетісай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24857 болып тіркелген) № 13 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында бір жүз тоқсан сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Орталығы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Т.Дайрашев көшесі, № 48 үй, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 7 "Тұран" мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісай ауданының әкімі | М. Қадырбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жетісай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы