Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (С.А.Жумадилова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы онын ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М. Мухамедчиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 14 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың айына орташа құны, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Көркем-эстетикалық бағыт | |||
1 | Би ырғағында (хореография) | 1500 | 14926 |
2 | Музыкалық орындаушылық өнер | 450 | 14926 |
3 | Әдеби шығармашылық | 450 | 14926 |
Сәндік-қолданбалы бағыт | |||
1 | Акварель сиқыры | 450 | 13720 |
2 | Көркем фотосурет | 100 | 14065 |
3 | Ағаш ою | 50 | 14926 |
4 | Сиқырлы жіп | 100 | 13720 |
5 | Қыш өнері | 100 | 14926 |
Ғылыми-техникалық бағыт | |||
1 | 3D модельдеу | 150 | 14926 |
2 | Бағдарламалау | 240 | 14926 |
3 | Робототехника | 150 | 14926 |
4 | Қызықты ғылымдар әлемі | 150 | 14926 |
Туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық бағыт | |||
1 | Флора мен фауна әлемі | 150 | 14065 |
2 | Туристік өлкетану және археология | 150 | 14065 |
Спорттық бағыт | |||
1 | Баскетбол | 100 | 11672,7 |
2 | Күрес (барлық түрлері) | 100 | 10811,6 |
3 | Классикалық волейбол | 100 | 11672,7 |
4 | Көркем гимнастика | 80 | 11672,7 |
5 | Каратэ | 100 | 10811,6 |
6 | Жүзу | 50 | 14256,0 |
7 | Үстел теннисі | 80 | 10811,6 |
8 | Тоғызқұмалақ | 100 | 10467,1 |
9 | Футбол | 150 | 11672,7 |
10 | Шахмат | 150 | 10467,1 |