Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 17/5-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27402 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 17/5-VII шешіміне
қосымша

Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

      1. Осы Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін регламенттейді.

      2. Құрмет грамотасы маңызды моральдық ынталандырудың бірі, қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Бесқарағай ауданының алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.

      4. Құрмет грамотасын Бесқарағай ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Бесқарағай ауданының әкімі тапсырады.

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатқа еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, саяси партиялар, заңды тұлғалар, өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық мүдделерді білдіретін бастамашыл топтар бастамашы бола алады.

      Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.

      6. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Бесқарағай ауданының депутаттары кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      Бесқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.

      7. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      8. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      9. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      10. Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.

      11. Қолдаухатта осы Ереженің 3-тармағындағы кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері, сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірмесі көрсетіледі және Комиссияның қарауына жіберіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы;

      2) білімі туралы мәліметтер;

      3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;

      4) еңбек қызметінің мәліметтері;

      5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;

      6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.

      12. Құрмет грамотасымен:

      Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

      сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар марапатталмайды.

      13. Құрмет грамотасы:

      1) тиісінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;

      2) Бесқарағай ауданының әкімі қол қояды;

      3) Бесқарағай ауданының әкімі немесе оның уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.

      14. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқасы берілмейді.

      15. Құрмет грамотасының бланкілері мен оның папкасын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29 марта 2022 года № 17/5-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 апреля 2022 года № 27402

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района согласно приложению к данному решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бескарагайского районного маслихата М. Абылгазинова

  Приложение к решению
Бескарагайского районного
маслихата от 29 марта 2022 года
№ 17/5-VII

Положение о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района разработано в соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентирует порядок награждения Почетной грамотой Бескарагайского района (далее – Почетная грамота).

      2. Почетная грамота является одним из важных моральных стимулов, выражением общественного признания за достойное исполнение служебного и гражданского долга перед обществом и государством.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан, иностранные граждане и лица без гражданства, за достойное исполнение служебного и гражданского долга перед обществом и Бескарагайским районом.

      4. Почетная грамота вручается акимом Бескарагайского района по решению Комиссии по вручению почетной грамоты при акимате Бескарагайского района (далее – Комиссия) на основании ходатайств государственных органов и организаций.

      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой могут инициировать трудовые коллективы, общественные и религиозные объединения, творческие союзы, политические партии, юридические лица, представительные и исполнительные органы, инициативные группы, представляющие общественные интересы.

      Ходатайства о награждении Почетной грамотой, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры, не рассматриваются.

      6. В состав Комиссии включаются представители заинтересованных структурных подразделений местного исполнительного органа, в том числе организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, общественных объединений, работники правоохранительных органов, депутаты Бескарагайского района.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее семи человек.

      Председателем является заместитель акима Бескарагайского района, курирующий вопросы социальной сферы.

      7. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости и считаются правомочными, если на них присутствует более половины от общего числа членов Комиссии.

      8. Решение Комиссии считается принятым, если за него проголосовали большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      9. Решение Комиссии носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      10. Ведение документации и учета по вопросам награждения Почетной грамотой Бескарагайского района осуществляет Государственное учреждение "Аппарат акима Бескарагайского района" (далее – Аппарат).

      11. В ходатайстве указываются основные биографические данные кандидата, а также прилагается выписка из протокола или решения собрания, указанные в пункте 3 настоящего Положения, и направляются на рассмотрение Комиссии с указанием:

      1) фамилии, имени, отчества, числа, месяца, года рождения;

      2) сведения об образовании;

      3) сведений о месте работы с указанием полного наименования организации в соответствии с уставными или учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства;

      4) сведений о трудовой деятельности;

      5) сведений об имеющихся наградах и почетных званиях;

      6) сведений об отсутствии административных взысканий и судимости, за исключением лиц, незаконно осужденных и впоследствии полностью реабилитированных по решению суда.

      12. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления к Почетной грамоте;

      лицам, признанным судом недееспособными.

      13. Почетная грамота:

      1) составляется соответственно на государственном и русском языках и распечатывается на бланке;

      2) подписывается акимом Бескарагайского района;

      3) вручается в торжественной обстановке акимом Бескарагайского района либо по его уполномочию иным должностным лицом.

      14. При утере Почетной грамоты дубликат не выдается.

      15. Изготовление бланков Почетной грамоты и папок к ней обеспечивается Аппаратом.