Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Бесқарағай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 11 тамыздағы № 217 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде ірі қара малдардын құтырма ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1 "Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4111 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық округінің әкімі | Г. Асылгожин |