Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтай ауданының мәслихатының "Алтай ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 ақпандағы № 45/2-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-192 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |