Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2- тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Алтай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-152 болып тіркелген);
2) "Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VІ өзгеріс енгізу туралы "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 57/3-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |