Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 5 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Марқакөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Марқакөл ауылдық округінің Марқакөл ауылындағы "Заречная" көшесі – "Айтмұхамбет Асқаров" көшесіне қайта аталсын.
2. "Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округінің әкімі | Р. Кемешев |