Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде және Қарой, Қарашілік, Ақжайлау, Қайнарлы ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі Қарой ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Бейбітшілік көшесі;
№ 2 көшеге – Жастар көшесі;
№ 3 көшеге – Аққайнар көшесі.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі Қарашілік ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Шекарашы көшесі;
№ 2 көшеге - Жаңа тұрмыс көшесі.
3. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі Ақжайлау ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Орманшы көшесі;
№ 2 көшеге – Мектеп көшесі;
№ 3 көшеге – Қазақстан көшесі.
4. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі Қайнарлы ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Алтай көшесі;
№ 2 көшеге – Бастау көшесі.
5. "Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның ресми жариялағанынан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округінің әкімі | Р. Кемешев |