Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Боран ауылдық округінің Боран ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Боран ауылдық округінің Боран ауылындағы Степная көшесі Біләл Керейбаев көшесі деп қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Боран ауылдық округінің әкімі |
А. Наурызбаев |