"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде және Бастаушы ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы ауылдық округі Бастаушы ауылындағы "Жуандық" көшесінің атауы "Кәкен Қожамбетов" көшесі болып қайта аталсын.
2. "Бастаушы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімі | А. Отаршина |