Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен Тарбағатай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 21-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5418 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Богырбаев |