"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 558 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округiнiң "Мендеке" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 08 шілдедегі № 4 "Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округiнiң "Мендеке" қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетіарал ауылдық округінің әкімі | С. Кажиекберов |