Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 38 "2022 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27240 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2022 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 258 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 38 қаулысына қосымша |
2022 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия лар норматив тері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 193 577 | 1 935 770 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 54 842 | 822 630 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 2 263 | 226 300 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 5 317 | 797 550 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 12 190 | 1 828 500 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 1 050 | 236 250 | |
4.3 | Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 300 000 | 300 | 90 000 | |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 4 630 715 | 926 143 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
6. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
6.1 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 420 | 84 000 |
6.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 367 | 82 575 | |
6.3 | Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 400 | 160 000 | |
7. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
7.1 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 30 | 1 346 501 | 40 395,03 |
7.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 1 610 086 | 32 201,72 | |
7.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 1 037 500 | 20 750 | |
8. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 3 200 | 16 000 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
9. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
9.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 60 | 3 000 000 | 180 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
10. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 470 000 | 28 200 |
11. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) * | өткізілген дана | 3 | 88 641 000 | 265 923 |
12. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | 3 | 55 993 300 | 167 979,9 | |
Қой шаруашылығы | |||||
13. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
13.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 31 225 | 124 900 |
13.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 171 980 | 429 950 | |
14. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 11 466 | 171 990 |
15. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 30 | 300 |
16. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 11 960 | 35 880 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
17. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 148 | 14 800 |
Балара шаруашылығы | |||||
18. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/ маусым | 5 000 | 1 000 | 5 000 |
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың резервтегі (күту парағындағы) субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 707 | 7 070 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | 100 000 | 29 | 2 900 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 2 | 300 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
4. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады) | ||||
4.1 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,1 | 1 482 136 | 1 630,35 |
Барлығы | 8 735 888 |
* Республикалық бюджет қаражаты есебінен