Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №39-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5892 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | С. Жардемалиев |