Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 21 тамыздағы №46-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6344 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Т. Кадимов |