Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Казталов аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 3 маусымдағы №49-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6269 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | С. Мулдашев |