Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Н. Мендешов |
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 23-1 шешіміне қосымша |
Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,13 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,04 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
15 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,28 |
16 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,11 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
20 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,16 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
24 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,13 |
25 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |