"Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 қаңтарда № 31683 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІМДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігi

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 "Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 11 января 2023 года № 20. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2023 года № 31683

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2023

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 405 "Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27586) следующее изменение:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 31 декабря 2023 года".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие после дня его официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2023 года.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан