БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту жөніндегі оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23513 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 23) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |