"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31727 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ), орта білімнен кейінгі (бұдан әрі – ОБК), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (бұдан әрі – ЖОО) оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-жайларының ауданы:

      1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2;

      2) 16 – 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2;

      3) 26 – 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2;

      4) 50 – 75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;

      5) 76 – 100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2;

      6) 100 – 150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2;

      7) 150 – 350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2;

      8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жайлар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан болып төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минутты құрайды.

      Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:

      1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспайды;

      2) 2-3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;

      3) 4-5-сыныптарда – 25 минуттан аспайды;

      4) 6-8 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;

      5) 9-11 (12) сыныптарда – 30 минуттан аспайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 января 2023 года № 9. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2023 года № 31727

      В соответствии с подпунктом 113) пункта 15 Положения о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23890) следующие изменения:

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования", утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (далее – Санитарные правила) разработаны в соответствии с подпунктом 113) пункта 15 Положения о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" (далее – Положение) и устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к выбору земельного участка под строительство объекта, проектированию, реконструкции, эксплуатации, водоснабжению, водоотведению, теплоснабжению, освещению, вентиляции, кондиционированию, ремонту и содержанию, условиям проживания, питания, обучения и производственной практике, производственному контролю, условиям труда и бытовому обслуживанию персонала, медицинскому обеспечению обучающихся и воспитанников на объектах образования независимо от форм собственности.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Площади помещений учебных кабинетов и аудиторий технического и профессионального образования (далее – ТиПО), послесреднего образования (далее – ПО), высшего и послевузовского образования (далее – ВУЗ) определяются:

      1) не менее 2,5 м2 на 1 обучающегося - для 12 - 15 мест;

      2) 2,2 м2 на 1 обучающегося - для 16 - 25 мест;

      3) 1,8 м2 на 1 обучающегося - для 26 - 49 мест;

      4) 1,5 м2 на 1 обучающегося - для 50 - 75 мест;

      5) 1,3 м2 на 1 обучающегося - для 76 - 100 мест;

      6) 1,2 м2 на 1 обучающегося - для 100 - 150 мест;

      7) 1,1 м2 на 1 обучающегося - для 150 - 350 мест;

      8) 1,0 м2 на 1 обучающегося - для 350 и более мест.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Помещения в подвальном и цокольном этажах объекта размещаются в соответствии с требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.";

      пункт 76 изложить в следующей редакции:

      "76. Максимально допустимое количество занятий в предшкольных классах – не более четырех продолжительностью 25 – 30 минут. Перерывы между занятиями составляют не менее 10 минут.

      Непрерывная длительность занятий в предшкольных классах и школах непосредственно с видеотерминалом, персональным компьютером, планшетным персональным компьютером и ноутбуками в течение учебного часа составляет:

      1) в предшкольных, дошкольных группах (классах) и 1 классах – не более 15 минут;

      2) во 2-3 классах – не более 20 минут;

      3) в 4-5 классах – не более 25 минут;

      4) в 6-8 классах – не более 25 минут;

      5) в 9-11 (12) классах – не более 30 минут.".

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан