БҰЙЫРАМЫН:
1. "Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Қосылатын коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкес келтірілгеннен кейін байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылуы жүзеге асырылады. Көрсетілген техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне сертификаттау мақсатында қосылуы кемінде 30 күнтізбелік күн ішіндегі мерзімде жүзеге асырылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қосылатын оператор қосатын операторға қосылуға техникалық талаптарды беру туралы өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) жібереді. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) уәкілетті органның байланыс саласындағы қызметтерді көрсету лицензиясының көшірмесі (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);
2) желінің техникалық сипаттамалары (құрастырылған сыйымдылық, пайдаланылатынжабдық түрі (түрлері), сигнал беру түрі (түрлері), желі құрылымы және болжалды трафик көлемі (жүктеме));
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификаттары;
4) уәкілетті органның нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бекітілген бұйрығының көшірмесі;
5) оператор желісінің байланыс саласындағы уәкілетті органның қолданыстағы біліктілік талаптарына (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін) сәйкестігі туралы қорытындысы (Жүргізілген тексеру нәтижесі туралы акт).".
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуниациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі