БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 122 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 150 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18403 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасынын заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет, Сауда және интеграция вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
№ | Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
---|---|---|---|---|
Өлшемдер ауқымы | Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде гамма-және рентген сәулелендiру мөлшерiнiң амбиенттік эквивалентін өлшеу | 0,001-ден 9999 мЗв дейін | ± 15 % | . |
2 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде МЭҚ өлшеу | 0,1-ден 9999 мк3в/ч-1 дейін | ± (15+2/N) % | |
3 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде бета- бөлшектер ағынының тығыздығын өлшеу | 1×10-нан 1×105 бөлш.см-1.мин-1 дейін | ± (20+200/В) % | |
4 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде гамма-және рентген сәулелендiру мөлшерiнiң амбиенттік эквивалентінің жиналу уақытын өлшеу | 1 мин.-тан 100 сағатқа дейін | ± 1 мин | |
5 | Сот құрылыс сараптамасы мен сот өрт-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектілердің арасындағы арақашықтықты өлшеу | 0,05-тен 100 м дейін |
5 м: ±1,5 мм дейін; | |
6 | Сот құрылыс сараптамасын заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объекті ақауларының өлшемдерін өлшеу | 1,0-ден 6000 мм дейін | ± (0,1+0,005 Н) мм | |
7 | Сот трасологиялық сараптамасын, сот баллистикалық сараптамасын, сот тауартану сараптамасын, құжаттардың сот сараптамасын, сот өрт-техникалық сараптамасы, сот жарылыс-техникалық сараптамасы, сот биологиялық сараптамасы және заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің қалыңдығын өлшеу | 0-ден 25 мм дейін | дәлдік сыныбы 2 | |
8 | Сот құрылыс сараптамасын жүргізу кезінде бетонның қорғаныш қабатының қалыңдығын өлшеу | 5-тен 90 мм дейін | ± (0,05 hзс + 0,5) мм | |
9 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің қалыңдығын өлшеу | 0,7-ден 300,0 мм дейін | 0,7 ден 3,0 мм дейінгі қалыңдықта ± (0,01Х+0,1), 3,01 ден 99,99 мм дейінгі қалыңдықта ±(0,01Х+0,05), 100,0 ден 300,0 мм дейінгі қалыңдықта ± (0,01Х+0,1) | |
10 | Құжаттардың сот сараптамасын, сот трасологиялық сараптамасын, сот баллистикалық сараптамасын, сот құрылыс сараптамасын, сот өрт-техникалық сараптамасын, сот жарылыс-техникалық сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасын және сот-медициналық бағытындағы сараптамаларды жүргізу кезінде зерттелетін объектілердің өлшемдік сипаттамаларын өлшеу | 0-ден 1000 мм дейін | ± 0,1 мм | |
11 | Сот құрылыс сараптамасын, сот трасологиялық сараптамасын, сот баллистикалық сараптамасын, сот өрт-техникалық сараптамасын, сот жарылыс-техникалық сараптамасын, жол-көлік оқиғалары жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасын, сот экологиялық сараптамасын, жүргізу кезінде зерттелетін объектілердің өлшемдік сипаттамаларын өлшеу | 0-ден 50000 мм дейін | миллиметрлік интервалы - ±0,2 мм; сантиметрлік интервалы - ±0,3 мм; дециметрлік интервалы - ±0,4 мм; шкала кесіндісi 1 м - ±(0,4+0,2∙(L-1)) кем емес | |
12 | Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қоспалардың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін өлшеу | 0,001%-ден 100% дейін | ССА шығыс сигналы ± (0,2-10) % | |
13 | Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасы жүргізу кезінде қоспалардың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін өлшеу | 5х10-12-нен 1х10-5г дейін | ССА шығыс сигналы ± (0,2-10) % | |
14 | Спирт құрамдас сұйықтықтардың құрамындағы, сондай-ақ есірткі құралдарын сәйкестендіру және мөлшерлік зерттеу кезінде микрокомпоненттердің мөлшерін өлшеу | 0,0011-ден 100% дейін | ± 1,5 % | |
15 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, химия-токсикологиялық сараптамасын және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қоспалардың құрамындағы жоғары молекулярлық органикалық заттардың мөлшерін өлшеу | 0,001-ден 100% дейін | ССА шығыс сигналы ± (0,2-10) % | |
16 | Сот тауартану сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде этил спиртінің көлемдік бөлігін өлшеу | 0-ден 100% дейін | ± 0,5 % | |
17 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтар мен ерітінділердің тығыздығын өлшеу | 700-ден 1840 кг/м3 дейін | ± 1 кг/м3 | |
18 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде су ерітінділерінің және материалдардың элементтік құрамын айқындау | 165-тен 900 нм дейін | Орташа квадраттық ауытқу - ± 2 % | |
19 | Сот сараптамаларын және сараптпмаларға мандандырылған зерттеулер жүргізу кезінде сұйықтықтардың мөлшерін өлшеу | 1-ден 5 мл дейін | ± 1 % | |
20 | Сот сараптамаларын және сараптпмаларға мандандырылған зерттеулер жүргізу кезінде сұйықтықтардың мөлшерін өлшеу | 20-дан 200 мл дейін | ± 1 % | |
21 | Сот сараптамаларын және сараптпмаларға мандандырылған зерттеулер жүргізу кезінде сұйықтықтардың мөлшерін өлшеу | 0,5-тен 10 мкл дейін | ± (1-8) % | |
22 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот трасологиялық сараптамасын, сот тауартану сараптамасын, сот өрт-техникалық сараптамасын, сот жарылыс-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,01-ден 1500 г дейін | жоғары дәлдік сыныбы | |
23 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот трасологиялық сараптамасын, сот баллистикалық сараптамасын, сот биологиялық сараптамасын, сот жарылыс-техникалық сараптамасын, сот экологиялық сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,001-ден 210 г дейін | арнайы дәлдік сыныбы | |
24 | Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот тауартану сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасын, сот биологиялық сараптамасын, сот жарылыс-техникалық сараптамасын, сот өрт-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,02-ден 30 кг дейін | орташа дәлдік сыныбы | |
25 | Медициналық-криминалистикалық сараптама жүргізу кезінде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,1-ден 5000 г дейін | жоғары дәлдік сыныбы | |
26 | Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің, мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа адамдардың материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасын жүргізген кезде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,001-ден 1000 г дейін | жоғары дәлдік сыныбы | |
27 | Сот жарылыс-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің массасын өлшеу | 0,1-ден 100 кг дейін | орташа дәлдік сыныбы | |
28 | Материалдар мен заттардың сот сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтардағы қанттың мөлшерлік құрамын өлшеу | - 60 тан 140 °S дейін | ± 0,05 °S | |
29 | Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, медициналық-криминалистикалық және химия-токсикологиялық сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтың көлемін өлшеу | 0,5-тен 10 мкл дейін | ± (1-8) % | |
30 | Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, медициналық-криминалистикалық және химия-токсикологиялық сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтың көлемін өлшеу | 10-нан 100 мкл дейін | ± (0,5-2,5) % | |
31 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, медициналық-криминалистикалық және химия-токсикологиялық сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтың көлемін өлшеу |
20-дан 200 мкл дейін | ± (0,5-2,0) % | |
32 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын және мамандырылған зертеулерді, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, сот тауартану сараптамасын, медициналық-криминалистикалық сараптамасын, химия-токсикологиялық сараптамасын жүргізу кезінде сұйықтықтың көлемін өлшеу |
(100-ден 1000) мкл дейін | ±(0,5- 1,5) % | |
33 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде таза заттардың балқу температурасын өлшеу | 0-ден 400 °С дейін | ± 1,0 °С | |
34 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде объектілердің және сұйықтықтардың температурасын өлшеу | 20-ден 120 ºС дейін | дәлдік сыныбы 1 | |
35 | Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасын жүргізу кезінде бекітілген баяулауды өлшеу | 0-ден 9,81 м/с2 дейін | ± 4 % | |
36 | Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасын жүргізу кезінде педальды басуға күш салуды өлшеу | 98-ден 980 Н дейін | ± 5 % | |
37 | Сот бейнефонографиялық сараптамасын жүргізу кезінде уақыттың арақашықтығын өлшеу | 0 с-тан 30 мин дейін | дәлдік тобы - 3 | |
38 | Сот құрылыс сараптамасын жүргізу кезінде ұяшықты бетоннның беріктігін өлшеу |
0,1-ден 2,0 кН дейін | ± 2 % | |
39 | Сот құрылыс сараптамасын жүргізу кезінде бетоннның беріктігін өлшеу | 3-тен 100 Мпа дейін | ± 8 % | |
40 | Сот бейнефонографиялық сараптамасын жүргізу кезінде жеке басын сәйкестендіру және жазба монтажының белгілерін айқындау үшін айнымалы электр сигналдарының амплитудасы мен жиілігін өлшеу | 20-дан 20000 гц дейін | ± 0,0005 % | |
41 | Сот биологиялық, медициналық-криминалистикалық және химия-токсикологиялық сараптамаларын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің pН сутектік көрсеткішін өлшеу | 0-ден 14 рН дейін | ± 0,03 рН | |
42 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде заттардың лайлану және қату өлшеу | минус 80 °С –ден 50 °С дейін | ± 3 °С | |
43 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде заттардың шекті сүзгіштік температурасын өлшеу | минус 70 °С-ден 50 °С дейін | ± (0,5-1) °С | |
44 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде талданатын объектілердің элементтік құрамын айқындау | Na (11) –ден U (92) дейін | ОСКО ± 5 % | |
45 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде органикалық және органикалық емес заттарды талдау кезінде өткізу оптикалық спектрлерді, сынақ үлгілерінің ИҚ диапазонында шағылысуын өлшеу | 370-тен 9000 см-1 дейін | ± (0,01-0,25) см-1 | |
46 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде органикалық және органикалық емес заттарды талдау кезінде ультракүлгін және көрінетін аумақтарда зерттелетін үлгілердің өткізгіштік, оптикалық тығыздық коэффициентін өлшеу |
198 –ден 1000 нм; |
±8 нм; | |
47 | Сот-биологиялық, медициналық-криминалистикалық және химиялық-токсикологиялық сараптамасын жүргізу кезінде этанол концентрациясын өлшеу |
0,1 -ден 0,5 мг/л дейін; |
± 0,05 мг/л; | |
48 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде топырақ үлгілеріндегі мұнайдың және мұнай өнімдерінің құрамын айқындау | от 0 до 100 мг/ дм3 | ± 10 % | |
49 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнайдың және мұнай өнімдерінің динамикалық және кинематикалық тұтқырлығын өлшеу | о6·10-7 –нан 3·10-2 м2/с дейін | ±(0,5-1) % | |
50 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнайдағы және мұнай өнімдеріндегі жалпы қышқылдық, сілті санын, йод санын өлшеу |
минус 20-дан 20 рХ дейін | ± 0,05 рН | |
51 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнайдағы және мұнай өнімдеріндегі судың мөлшерін өлшеу | 0 –ден 100 % дейін | ± 3 % | |
52 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнай өнімдеріндегі күкірттің массалық үлесін өлшеу |
0 -ден 5,0 % дейін | ССА шығыс сигналы 1 % | |
53 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнай өнімдеріндегі хлордың массалық үлесін өлшеу |
0 -ден 1,0 % дейін | ССА шығыс сигналы 2 % | |
54 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұздануға қарсы сұйықтықтардың сыну көрсеткішін өлшеу | (1,30 – 1,72) nD | ± 0,00005 nD | |
55 | Сот-құрылыс сараптамасын, заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде зерттелетін объектінің ылғалдылығын өлшеу | 4 % -тен 35 % дейін | ±(1,5-3,0) % | |
56 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын жүргізу кезінде мұнай өнімдерінің детонацияға төзімділігін өлшеу | 70-тен 98 октан бірлігі дейін | ± 1,5 октан бірлігі | |
57 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, сот биологиялық, медициналық-криминалистикалық және химиялық-токсикологиялық сараптамаларын жүргізу кезінде қоршаған ортаның температурасын өлшеу | минус 40 °С-ден 85 °С дейін | ± 0,5 °С | |
58 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, сот биологиялық, медициналық-криминалистикалық және химиялық-токсикологиялық сараптамаларын жүргізу кезінде қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу | 5 % -ден 90 % дейін | ± 3,0 % | |
59 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың анеалогтары мен прекурсорларының сот сараптамасын, сот молекулярлық-генетикалық сараптамасын, сот биологиялық, медициналық-криминалистикалық және химиялық-токсикологиялық сараптамаларын жүргізу кезінде атмосфералық қысымды өлшеу | (80 – 110) кПа | ± 1 кПа |
Ескерту:
мЗв – миллизиверт;
ЭДҚ – гамма және рентгендік сәулеленудің амбиенттік эквивалентті дозасының қуаты;
мкЗв·с-1 – сағатына микрозиверт;
N – өлшемсіз шама, өлшенген шамаға сандық түрде тең ЭДҚ в мк3в/с-1;
В – өлшемсіз шама, сандық жағынан бета-бөлшектердің ағынының тығыздығының бөліктегі өлшенген мәніне тең.•см-1•мин-1;
d — өлшенген қашықтық, мм;
жиі см-1•мин-1 – сантиметрдегі бөлшек минус бірінші градус/минут минус бірінші градус;ч – сағ.;
мин – минут;
с – секунд;
м – метр;
мм – миллиметр;
мкм – микрометр;
нм – нанометр;
м/с2 – секундына шаршы метр;
м2/с – шаршы метр секундына;
кг – килограмм;
дәлдік класы жоғары - Мемлекетаралық стандарт (бұдан әрі - МЕМСТ) 24104-2001 "Зертханалық таразылар. Жалпы техникалық талаптар";
арнайы дәлдік класы - МЕМСТ 24104-2001 "Зертханалық таразы. Жалпы техникалық талаптар";
дәлдік класы орташа - МЕМСТ 24104-2001 "Зертханалық таразы. Жалпы техникалық талаптар";
дәлдік класы 1 - МЕМСТ 16920-93 "Термометрлер және манометриялық температура түрлендіргіштері. Жалпы техникалық талаптар және сынақ әдістері";
дәлдік класы 2 - МЕМСТ 166-89 "Калибрлер. Техникалық шарттар";
дәлдік класы 3 - секундтық шкаланың сыйымдылығы - 60 с., бөлу бағасы-0,2 с; минуттық шкаланың сыйымдылығы - 30 мин., бөлу бағасы-1 мин.;
г – грамм;
мг – миллиграмм;
мг/кг – килограммына миллиграмм;
кг/м3 куб метрге килограмм;
мл – миллилитр;
мкл – микролитр;
мг/л – литрге миллиграмм;
hзс – өлшенген бетон жамылғысының қалыңдығы;
Х – зерттелетін объектінің қалыңдығы;
L – сегменттегі толық және толық емес есептегіштердің саны;
oS – қант дәрежесі;
oС – градус Цельсия;
Н – ақаудың өлшенген тереңдігінің сандық мәні (п. 6);
Н – Ньютон (п. 13);
кН – килоНьютон;
МПа – мегапаскаль;
кПа – килопаскаль;
Гц – герц;
nD - сары натрий сызығынан өлшенген сыну көрсеткішінің мәні;
Т – өткізгіштігі коэффициенті;
рХ (рН) – ерітіндідегі иондардың (сутегі) белсенділік көрсеткіші;
ССА – салыстырмалы стандартты ауытқу;
Октан бірлігі – октан бірілігі.