"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 наурызда № 31988 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

      ТКОБКБ ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді ТКОБКБ ұйымдары конкурстық негізде орындарды бөлу қорытындылары бойынша арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.

      Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ТКОБКБ ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады.";

      2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) ТКОБКБ ұйымдары;

      2) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ТжКБ үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.";

      2-2-тармақ алынып тасталсын;

      "5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:

      1) ұйымның басшылық құрамының өкілі – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін ТКОБКБ ұйымы басшысының орынбасары;

      2) қоғамдық ұйымдардың өкілдері - ерiктi негiзде құрылған кәсiподақтар және басқа да бiрлестiктердің өкілдері;

      3) студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;

      4) күндізгі бөлімше меңгерушілері;

      5) жастар саясатының мәселелеріне жетекшілік ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері.

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Конкурстық комиссия ТКОБКБ ұйымдары жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      ТКОБКБ ұйымдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ТКОБКБ ұйымдары өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      ТКОБКБ ұйымдары кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар - мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдар;

      2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ қандастар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

      4) Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымы өткізген конкурстың немесе әңгімелесудің қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

      Білім беру ұйымы өткізген қабылдау қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

      5) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

      6) ұйымның өзге де білім алушылары.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТКОБКБ ұйымдары жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТКОБКБ ұйымдарының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Заңның 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармағына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.";

      2, 4 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3-қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифирлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Мәдениет

      және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 50 бұйрығына
1 қосымша
  Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
2-қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс істеу кестесі

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат; отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама; ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 50 бұйрығына
2 қосымша
  Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      1. Өтініш____________________________________________________________

      2. Басқа _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

      білім беру ұйымыұйымы қызметкерінің

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________

                                                      (қолы)

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының (қолы)

      ___________ 20 ___ ж. "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 50 бұйрығына
3 қосымша
  Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақханалар беру туралы жолдама

      ____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының мекенжайы және атауы) азамат (-ша)

      ____________________________________________________________________

      /тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      № ___жатақханаға орналасуға жолдама беріледі.

      Жатақхананың мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      20___ жылғы "____" _________ cағат ______ келуді ұсынамын.

      Білім беру ұйымының басшысы _____________

      (қолы)

      20___ ж. "____"___________

      М.О.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 "Об утверждении Правил распределения мест в общежитиях организаций образования"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 27 февраля 2023 года № 50. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 марта 2023 года № 31988

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 "Об утверждении Правил распределения мест в общежитиях организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 13487) следующие изменения:

      в Правилах распределения мест в общежитиях государственных организаций образования, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила распределения мест в общежитиях организаций образования (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 46-13) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и подпункта 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" и определяют порядок распределения мест в общежитиях организаций образования.

      2. Правила определяют порядок распределения мест в общежитиях, принадлежащих организациям технического и профессионального, послесреднего образования (далее – организации ТиППО) на праве собственности или находящихся во владении организаций на ином законном основании.

      Предоставление общежития обучающимся в организациях ТиППО осуществляется организациями ТиППО, по итогам распределения мест на конкурсной основе специально созданной комиссией.

      Сведения о наличии свободных мест в общежитиях размещаются на официальных сайтах организаций ТиППО.";

      пункт 2-1 изложить в следующей редакции:

      "2-1. Государственная услуга оказывается физическим лицам (далее - услугополучатель) бесплатно на основании заявления по установленной форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

      1) организации ТиППО;

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал);

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги для организации ТиППО, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведен в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Предоставление общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования" (далее – Перечень), согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      пункт 2-2 исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "В состав конкурсной комиссии включаются:

      1) представитель руководящего состава организации – заместитель руководителя организации ТиППО, курирующий вопросы проживания обучающихся в общежитии;

      2) представители общественных организаций – профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе;

      3) представители органов студенческого самоуправления;

      4) заведующие дневными отделениями;

      5) представители структурного подразделения организации, курирующие вопросы молодежной политики.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Конкурсная комиссия осуществляет распределение мест в общежитиях организаций ТиППО на основании заявления по установленной форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, или на основании заявления, поданного в электронном виде на портал, с приложением документов, указанных в пункте 8 Перечня, согласно приложению 2 к настоящим Правилам подтверждающих статус услугополучателя.

      При подаче услугополучателем всех необходимых документов:

      подтверждением принятия заявления на бумажном носителе является расписка о приеме документов в организацию ТиППО с указанием даты приема пакета документов согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Через портал – в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии пакета документов.

      В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов, и (или) документов с истекшим сроком действия организация ТиППО отказывает в приеме заявления и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      Канцелярия организации ТиППО в день обращения осуществляет прием и регистрацию документов и в течении 1 (одного) рабочего дня передает заявление на рассмотрение комиссии.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "Конкурсная комиссия осуществляет распределение мест в общежитии с учетом оснований и очередности в следующем приоритетном порядке:

      "1) лица с ограниченными возможностями в развитии, лица с инвалидностью и лица с инвалидностью с детства, дети с инвалидностью, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, лица, у которых один или оба родителя являются лицами с инвалидностью;

      2) лица из числа молодежи, оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия, лица, приравненные по льготам к участникам и лицами с инвалидностью Великой Отечественной войны, лица из числа сельской молодежи, поступившие на обучение по образовательным программам, определяющим социально-экономическое развитие села, а также кандасы;

      3) обучающиеся, в рамках проекта "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін – 2050");

      4) обучающиеся, принятые на обучение на первый курс в соответствии с государственным образовательным заказом, имеющие высокий балл по итогам конкурса или собеседования, проведенных организацией образования.

      При равенстве баллов по итогам зачисления проведенных организацией образования, учитывается материальное положение обучающегося, при предоставлении справки, подтверждающая принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемая местными исполнительными органами, согласно Правилам формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64;

      5) обучающиеся из числа учащихся старших курсов, имеющие высокие результаты в учебной, научной и общественной работе;

      6) иные обучающиеся организации.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. На основании сформированного списка для проживания в общежитии за подписью председателя Комиссии обучающемуся выдается направление о предоставлении места в общежитии организации ТиППО, либо мотивированный отказ.

      При обращении через портал в "личном кабинете" услугополучателя результат о предоставлении места в общежитии либо мотивированный отказ по предоставлению государственной услуги направляется в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица организации ТиППО.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Услугодатель обеспечивает внесение сведений о стадии оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в порядке, согласно подпункту 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" (далее - Закон).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 10, пунктом 3 статьи 14, статьи 23 Закона центральный государственный орган, в течение трех рабочих дней с даты внесения изменения и (или) дополнения в настоящие Правила, актуализирует их и направляет услугодателям, в Единый контакт-центр.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается административному органу, должностному лицу, в отношении которых обжалуется административный акт, действие (бездействие) администрации.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляет ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке согласно пункту 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.";

      приложения 2, 4 и 6 изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему приказу.

      приложение 3 исключить.

      2. Департаменту технического и профессионального образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 27 февраля 2023 года № 50
  Приложение 2
к Правилам распределения мест
в общежитиях организаций образования

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги: "Предоставление общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования"

1

Наименование услугодателя

Организации технического и профессионального, послесреднего образования

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:
1) Организации технического и профессионального, послесреднего образования;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

Срок оказания - 3 рабочих дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Направление о предоставлении общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам, либо мотивированный отказ.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная)/бумажная.
При не обращении услугополучателя за результатом государственной услуги в указанный срок, услугодатель обеспечивает их хранение по месту приема до получения услугополучателем.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

1) Организации технического и профессионального, послесреднего образования – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.00 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя;
2) портале www.egov.kz.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

К услугодателю:
1) заявление на имя руководителя организации технического и профессионального, послесреднего образования о предоставлении места в общежитии по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) документ о статусе кандаса;
3) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации).
На портале:
1) заявление о предоставлении места в общежитии в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;
2) электронная копия документа о статусе кандаса.
Сведения о документах, удостоверяющих личность; о составе семьи, при наличии семьи; о смерти родителя (родителей) (для детей – сирот), либо справка с детского дома; о наличии в семье 4-х и более детей (для детей из многодетных семей); о подтверждении инвалидности о подтверждении инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10589, опубликован 15 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"); о подтверждении права для получения государственной адресной социальной помощи предоставляются услугодателю из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие представленных документов услугополучателя, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами.
При отказе в оказании государственной услуги услугодатель направляет услугополучателю ответ с указанием причин отказа.
В случае устранения услугополучателем причин отказа в оказании государственной услуги услугополучатель может обратиться повторно для получения государственной услуги в порядке, установленном настоящими Правилами государственной услуги.
3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов -15 минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 30 минут.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.
Условия получения услуги третьими лицами: Электронный запрос третьих лиц, при условии согласия лица, в отношении которого запрашиваются сведения, предоставленного из "личного кабинета" на портале.

  Приложение 2 к приказу
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 27 февраля 2023 года № 50
  Приложение 4
к Правилам распределения мест
в общежитиях организаций образования
  Форма

Расписка о приеме документов № _______

      Организация технического и профессионального, послесреднего образования
      __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Получены от __________________________________ следующие документы:
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) услугополучателя)
1. Заявление
2. Другие __________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ ___________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) работника организации
образования технического и профессионального, послесреднего образования
Получил: подпись услугополучателя ___________
"___" ___________ 20 ___ год

  Приложение 3 к приказу
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 27 февраля 2023 года № 50
  Приложение 6
к Правилам распределения
мест в общежитиях
организаций образования

Направление о предоставлении общежитий обучающимся организаций
технического и профессионального, послесреднего образования

      ____________________________________________________________
(наименование и адрес организации образования) гражданину(-ке)
____________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Направляю на заселение в общежитие №___
Адрес общежития
____________________________________________________________
Предлагаю Вам явиться "___"_________20___г. в ____час.
Руководитель организации образования ____________ (подпись)
"_____" ________20_____г.
М.П.