"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 наурызда № 32079 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      8-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;"

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Бастапқы сертификаттау кезінде өтініш беруші жоспарланып отырған қызметті жүзеге асыру және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін авиация персоналын кәсіптік даярлауға, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қолдауға, жабдықтарды, құралдарды сатып алуға, еңбекке ақы төлеу қорына және өзге де шығыстарға қаржы ресурстарын бөлуді қамтитын қызметтің кеңейтілген қаржы-экономикалық жоспарын ұсынады. Қызметтің қаржы-экономикалық жоспарын пайдаланушы сертификатын алуға үміткер заңды тұлғаның меншік иесі (қатысушылары, акционерлері) бекітеді. Жеткілікті қаржы ресурстарының болуы өтініш берушінің банктік шотынан соңғы үш айдағы тиісті үзінді көшірмемен расталады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтінімге осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, шу бойынша әуе кемесі туралы мәліметтерді, радиохабар беру аппаратурасын пайдалануға рұқсатты уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді береді.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді:

      1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей.

      1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      2-деңгейге қызметті уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде оны жою немесе шектеулер енгізу шартымен оны жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өтініш берушінің адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетсіздігімен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен пайдаланушы сертификатының қолданылуын өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін шектейді.

      2-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) анықталған сәйкессіздікті жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемемен пысықтауға қайтарады.

      Уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өтініш беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда ұзартады.

      3-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      22. Уәкілетті ұйым пайдаланушының жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылау мен талдауды қамтитын тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу арқылы жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдары жоспарын ұсынуын және (немесе) түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.

      Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау және талдау, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында Заң талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның жеке және заңды тұлғалары ұсынған ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады.

      Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе түзету іс-қимылдарын уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде орындамаса, 2-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі 1-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмейді және уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады немесе бұрын берілген пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық зерттеп-қарау тексеру актісі негіз болып табылады.";

      26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай:

      1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушы сертификатын алған, пайдаланушының сертификаттау талаптарына сәйкестігін қолдаған;

      2) пайдаланушы сертификатын заңсыз әрекеттер жасаған немесе заңсыз пайдаланған;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде орындалған тұрақты емес халықаралық ұшудың күні мен мақсаты туралы хабарламаған не хабарламада анық емес ақпарат ұсынған;

      4) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналаспаған және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімсіз болған;

      5) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарақ пен әскери техникасын, сондай-ақ қосарланған мақсаттағы өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісуінсіз халықаралық ұшыды орындаған жағдайларда;

      6) өтініш берушіге қызметтің осы түрін көрсетуге тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі;

      7) пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде пайдаланушының сертификатын кері қайтарып алады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 159 Бұйрыққа
қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Уакілетті ұйымның атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Уәкілетті ұйымның құжаттар топтамасымен өтінімді көрсетілетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні;
пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе Қағидалардың 25-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін уәкілетті ұйымның басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушінің алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – өтініш беруші).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;
2001 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) уәкілетті ұйымның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Кодекске сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Уәкілетті ұйымның қызмет көрсету шарттары:
1) уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында 2) www. egov. kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Порталға:
сертификат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелері:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
өтініш берушінің жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жерүсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттары;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
бес мың жеті жүз килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және үш мың жүз сексен килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
2) өтініш берушінің электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
өтініш берушінің негізгі деректері мен құрылтайшысы;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстардың түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
әуе кемелерінің даярлығы;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал;
ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
өтініш берушінің қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін қоса берген еркін нысандағы өтінімі.
Ескерту:
ұшу жөніндегі нұсқаулықты;
бес мың жеті жүз килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және үш мың жүз сексен килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты, пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығын; әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын (регламент) және пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын пайдаланушы электрондық форматта Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің frontoffice@ caakz. com интернет-ресурсына жібереді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздері

1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caakz.com
Көрсетілетін қызметті алушының мыналарға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777


О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2023 года № 32079

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12452) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристику процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей оказания государственной услуги изложены согласно приложению 1 к настоящим Правилам в форме Перечня основных требований к оказанию государственной услуги.";

      подпункт 3) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "3) заявитель – юридическое лицо Республики Казахстан, обратившееся в уполномоченную организацию для получения сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов;";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. При первичной сертификации заявитель представляет развернутый финансово-экономический план деятельности, включающий выделение финансовых ресурсов на профессиональную подготовку авиационного персонала, поддержание летной годности воздушных судов, приобретение оборудования, средств, фонд оплаты труда и иные расходы, для осуществления планируемой деятельности и обеспечения безопасности полетов и авиационной безопасности. Финансово-экономический план деятельности утверждается собственником (участниками, акционерами) юридического лица, претендующего на получение сертификата эксплуатанта. Наличие достаточных финансовых ресурсов подтверждается соответствующей выпиской с банковского счета заявителя за последние три месяца.";

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. К заявке прилагаются документы, указанные в пункте 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача сертификата эксплуатанта" (далее – Перечень основных требований к оказанию государственной услуги), предусмотренный в приложении 1 к настоящим Правилам.

      Уполномоченная организация осуществляет регистрацию документов и сведений в день их поступления.

      Сведения о документах, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, свидетельстве на выполнение авиационных работ, государственной регистрации гражданского воздушного судна, сертификате летной годности, воздушного судна по шуму, разрешения на использование радиопередающей аппаратуры уполномоченная организация получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Уполномоченная организация получает электронные документы из сервиса цифровых документов через реализованную интеграцию при условии согласия владельца документа, предоставленного посредством зарегистрированного на веб-портале "электронного правительства" абонентского номера сотовой связи пользователя путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление веб-портала "электронного правительства".

      13. Для очередного получения сертификата эксплуатанта заявитель представляет заявку с документами, указанных пунктом 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги, по которым произошли изменения и/или внесены дополнения.";

      пункты 21 и 22 изложить в следующей редакции:

      "21. Несоответствия сертификационным требованиям, выявленные при сертификационном обследовании, подразделяются на три уровня:

      уровень 1, уровень 2 и уровень 3.

      К уровню 1 относятся несоответствия сертификационным требованиям, препятствующее осуществлению деятельности.

      К уровню 2 относятся несоответствия сертификационным требованиям, не препятствующее осуществлению деятельности при условии его устранения в сроки, согласованные с уполномоченной организацией или введения ограничений.

      К уровню 3 относятся несоответствия сертификационным требованиям, не препятствующее осуществлению деятельности и подлежащее его устранению при совершенствовании производства.

      Несоответствия сертификационным требованиям уровня 1 характеризуются неспособностью заявителя обеспечить охрану жизни и здоровья человека, окружающей среды, безопасность полетов и авиационную безопасность, исходя из технических и финансовых возможностей заявителя.

      При несоответствии сертификационным требованиям уровня 1 уполномоченная организация отказывает в выдаче сертификата эксплуатанта либо ограничивает действие сертификата эксплуатанта в случаях и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации, до момента устранения выявленных несоответствий заявителем.

      При несоответствии сертификационным требованиям уровня 2 уполномоченная организация:

      1) согласовывает срок для устранения выявленного несоответствия, не превышающий трех месяцев с момента его выявления. Заявитель разрабатывает план корректирующих действий по устранению выявленного несоответствия и представляет в уполномоченную организацию в течение десяти рабочих дней с момента ознакомления с результатами сертификационного обследования;

      2) на основе оценки мер, предложенных заявителем по устранению выявленного несоответствия, согласовывает план корректирующих действий либо возвращает его на доработку с обоснованием.

      Срок, указанный в плане корректирующих действий, продлевается уполномоченной организацией при условии предоставления заявителем обоснования о необходимости его изменения.

      При несоответствии сертификационным требованиям уровня 3 план корректирующих действий не требуется.

      22. Уполномоченная организация контролирует представление эксплуатантом плана корректирующих действий и (или) выполнение корректирующих действий в установленные планом сроки путем проведения проверки или иных форм контроля и надзора, включающих наблюдение и анализ деятельности физических и юридических лиц по обеспечению безопасности полетов и авиационной безопасности.

      Наблюдение и анализ деятельности физических и юридических лиц по обеспечению безопасности полетов и авиационной безопасности, а также в целях выполнения рекомендаций по результатам расследования авиационных происшествий и инцидентов осуществляются на основании информации, документов и материалов, предоставленных физическими и юридическими лицами уполномоченной организации в соответствии с требованиями Закона.

      Если заявитель не представляет приемлемый план корректирующих действий или не выполняет корректирующие действия в сроки, согласованные уполномоченной организацией, несоответствие сертификационным требованиям уровня 2 становится несоответствием сертификационным требованиям уровня 1 и уполномоченная организация отказывает в выдаче сертификата эксплуатанта или отзывает ранее выданный сертификат эксплуатанта.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Основанием для отказа в выдаче сертификата эксплуатанта является акт сертификационного обследования с заключением об отказе в выдаче сертификата эксплуатанта в случаях предусмотренных пунктом 9 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги.";

      пункт 26-1 изложить в следующей редакции:

      "26-1. Уполномоченная организация обеспечивает внесение данных о стадии оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг.

      При оказании государственной услуги посредством государственной информационной системы разрешений и уведомлений, данные о стадии оказания государственной услуги поступают в автоматическом режиме в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг.

      Уполномоченный орган в сфере гражданской авиации в течении трех рабочих дней после государственной регистрации приказа, направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила, определяющие порядок оказания государственной услуги, в Единый контакт-центр.";

      дополнить пунктом 28-1 следующего содержания:

      "28-1. Уполномоченная организация в сфере гражданской авиации отзывает сертификат эксплуатанта при:

      1) получении сертификата эксплуатанта, поддержания соответствия сертификационным требованиям эксплуатантом путем фальсификации представленных документов;

      2) совершении противозаконных действий или незаконного использования сертификата эксплуатантом;

      3) неуведомлении уполномоченной организации в сфере гражданской авиации о дате и цели выполненного нерегулярного международного полета вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан либо представление в уведомлении недостоверной информации;

      4) не расположении на территории Республики Казахстан головного офиса эксплуатанта гражданского воздушного судна, выполняющего нерегулярные полеты вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан, и операционно-финансовые решения, влияющие на направление, контроль и координацию деятельности и операций организации не доступны для проверки компетентными государственными органами;

      5) выполнении международного полета эксплуатанта гражданского воздушного судна для перевозки воинских формирований, вооружений и военной техники иностранных государств, а также продукции двойного назначения без согласования с уполномоченным органом в сфере гражданской авиации;

      6) вступившего в законную силу решения суда, запрещающее заявителю оказание данного вида услуги;

      7) письменного заявления эксплуатанта.";

      приложение 1 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 15 марта 2023 года № 159
  Приложение 1
к Правилам сертификации
и выдачи сертификата
эксплуатанта гражданских
воздушных судов

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Выдача сертификата эксплуатанта"

1

Наименование уполномоченной организации

АО "Авиационная администрация Казахстана"

2

Способы предоставления государственной услуги (каналы доступа)

Веб-портал "электронного правительства"

3

Срок оказания государственной услуги

С момента подачи заявки с пакетом документов уполномоченной организации, а также при обращении на портал:
выдача сертификата эксплуатанта (далее – сертификат) – 60 (шестьдесят) рабочих дня;
выдача дубликата сертификата эксплуатанта (далее – дубликат сертификата) – 2 (два) рабочих дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная).

5

Результат оказания государственной услуги

Выдача сертификата (дубликата сертификата), либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 25 Правил.
На портале результат оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) руководителя уполномоченной организации или уполномоченного им ответственного должностного лица.

6

Размер оплаты, взимаемой с заявителя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на платной основе юридическим лицам (далее - заявитель).
Оплата сбора за сертификацию эксплуатанта осуществляется в порядке и размере, определяемых подпунктом 1) пункта 7 статьи 554 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".
Ставки сбора за сертификацию эксплуатанта, в зависимости от штатной численности, составляют:
до 50 человек включительно – 1144 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора;
с 51 до 200 человек включительно – 1232 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора;
с 201 до 400 человек включительно – 1272 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора;
с 401 до 600 человек включительно – 1319 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора;
с 601 до 1200 человек включительно – 1363 месячных расчетных показателя, действующего на дату оплаты сбора;
с 1201 до 2000 человек включительно – 1407 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора;
свыше 2001 человек – 1458 месячных расчетных показателя, действующих на дату оплаты сбора.
Оплата сбора осуществляется в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций.
В случае подачи электронного запроса на получение государственной услуги через портал, оплата может осуществляться через платежный шлюз "электронного правительства" (далее – ПШЭП).

7

График работы уполномоченной организации

1) уполномоченной организации – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Условие обслуживания уполномоченной организации размещены на 1) интернет-ресурсе уполномоченной организации
2) портале www.egov.kz.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

На портал:
для получения сертификата заявитель представляет заявку в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП заявителя, согласно приложению № 2 к Правилам:
1) электронных копий:
документа, подтверждающего оплату за оказание государственной услуги, за исключением случая такой оплаты через ПШЭП;
декларации, подписанной первым руководителем эксплуатанта, о соответствии деятельности сертификационным требованиям, положениям Руководств эксплуатанта и обязательство поддерживать это соответствие постоянно;
устава заявителя и учредительного договора;
организационной структуры, структуры управления и ответственных лиц с указанием должности, фамилии имени отчества (при наличии), образования, квалификации и опыта работы;
документов, подтверждающих назначение следующих руководителей и/или ответственных лиц:
службы по безопасности полетов; летной службы;
службы по поддержанию летной годности;
по наземному обеспечению; по подготовке персонала;
по авиационной безопасности;
службы бортпроводников (при наличии);
по контролю качества;
страховых полисов обязательного страхования гражданско-правовой ответственности эксплуатанта перед его работниками в соответствии с законами Республики Казахстан об обязательных видах страхования;
образцов раскраски и текстового описания воздушных судов;
договоров по поддержанию летной годности с внешними организациями;
титульных листов утверждения и согласования:
руководства по производству полетов;
руководства по организации системы управления безопасностью полетов, за исключением эксплуатантов самолетов с максимальной сертифицированной взлетной массой пяти тысяч семисот килограмм и менее, и вертолетов с максимальной сертифицированной взлетной массой три тысячи семьдесят пять килограмм и менее;
руководства эксплуатанта по регулированию технического обслуживания;
программы (регламента) технического обслуживания воздушных судов; программы авиационной безопасности эксплуатанта;
2) информации заявителя в электронном виде, содержащей:
основные данные и учредители заявителя; виды планируемых коммерческих воздушных перевозок/работ;
организация летной работы;
система поддержания летной годности;
обеспечение полетов;
готовность летного и технического персонала;
готовность объектов технического обслуживания;
готовность воздушных судов;
план проведения демонстрации аварийной эвакуации и демонстрационных полетов;
список воздушных судов с указанием типа, модели, серии, национальных и регистрационных знаков;
авиационный персонал;
наземное обеспечение полетов;
перечень договоров на техническое обслуживание с внешними организациями с указанием видов работ;
копии договоров по поддержанию летной годности с внешними организациями; для получения дубликата сертификата эксплуатанта:
заявка заявителя произвольной формы, с необходимым обоснованием и приложением электронной копии ранее выданного сертификата эксплуатанта.
Примечание:
руководство по производству полетов;
руководство по организации системы управления безопасностью полетов, за исключением эксплуатантов самолетов с максимальной сертифицированной взлетной массой пяти тысяч семисот килограмм и менее, и вертолетов с максимальной сертифицированной взлетной массой три тысячи семьдесят пять килограмм и менее, руководство эксплуатанта по регулированию технического обслуживания, программы (регламента) технического обслуживания воздушных судов и программы авиационной безопасности эксплуатанта направляются эксплуатантом в электронном формате на интернет-ресурсе frontoffice@caakz.kz Авиационной администрации Казахстана.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных заявителем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие заявителя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, предусмотренным пунктом 7 статьи 16 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации";
3) в отношении заявителя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении заявителя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого заявитель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе:
Акционерное общество "Авиационная администрация Казахстана" www.caakz.com
Услугополучатель имеет возможность получения:
государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП;
информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
Телефон Единого контакт центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.