Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 наурызда № 32126 болып тіркелді

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 61-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға, 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 12 қазандағы хаттамаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін хабардар етуді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерік қоғамын (келісу бойынша) хабардар етуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды;

      6) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілетіні туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 24 наурыздағы
№ 118 бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды*

Позиция атауы

2710 12 110 1 – 2710 12 310 0
2710 12 700 0 – 2710 12 900 8

жеңіл дистилляттар

2710 19 110 0 – 2710 19 460 0

авиакеросиндер және дизель отыны

2710 20 110 0 – 2710 20 190 0

газойлдар

2902 30 000 0
2902 41 000 0
2902 42 000 0
2902 44 000 0

толуол, ксилолдар

2713 20 000 0

мұнай битумы

      * Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Позиция атауы пайдалану ыңғайлылығы үшін ғана берілген.

Об утверждении Перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 118. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2023 года № 32126

      В соответствии со статьей 61 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, статьей 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", Протоколом между Министерством энергетики Республики Казахстан и Министерством энергетики Российской Федерации об утверждении перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к вывозу из Российской Федерации в Республику Казахстан, и перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза от 6 мая 2019 года, Протоколом от 12 октября 2022 года о внесении изменения и дополнений в Протокол между Министерством энергетики Республики Казахстан и Министерством энергетики Российской Федерации об утверждении перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к вывозу из Российской Федерации в Республику Казахстан, и перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза от 6 мая 2019 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет сроком до 31 декабря 2024 года на вывоз с территории Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза отдельных видов нефтепродуктов согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Утвердить прилагаемый Перечень нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза.

      3. Департаменту транспортировки и переработки нефти Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) уведомление Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан об обеспечении контроля по исполнению пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством порядке;

      2) уведомление акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) о принятии мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством порядке;

      3) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      6) информирование Евразийской экономической комиссии о введении меры, указанной в пункте 1 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Б. Акчулаков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 24 марта 2023 года № 118

Перечень нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза

Код товарной номенклатуры внешней экономической деятельности Евразийского экономического союза*

Наименование позиции

2710 12 110 1 – 2710 12 310 0
2710 12 700 0 – 2710 12 900 8

легкие дистилляты

2710 19 110 0 – 2710 19 460 0

авиакеросины и дизельное топливо

2710 20 110 0 – 2710 20 190 0

газойли

2902 30 000 0
2902 41 000 0
2902 42 000 0
2902 44 000 0

толуол, ксилолы

2713 20 000 0

битум нефтяной

      * Для целей применения настоящего перечня товары определяются исключительно кодами товарной номенклатуры внешней экономической деятельности Евразийского экономического союза. Наименование позиции приведено только для удобства пользования.