БҰЙЫРАМЫН:
1."Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7613 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:
"
49 | Португалия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |