"Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 наурызда № 32148 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13866 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері:

Норма/норматив атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/норматив көлемі

1

2

3

4

5

1.

Жоғары оқу орындарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру грантының нормативі (мөлшері)

1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысы.

Конкурстық негізде жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған шетелдіктер.

Мемлекеттік білім беру грантының мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

2.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативі (мөлшері)

"Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.

білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, дәрігер-резиденттер, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары.

Мемлекеттік стипендиялардың мөлшері "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысының 3-тармағында айқындалған.

3.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативі

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 болып тіркелген).

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы студенттер, дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары.

Жол жүруге арналған өтемақының мөлшері "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 болып тіркелген) 5-тармағында айқындалған.

4.

Жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау нормативі (квотасы)

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы

1) I не II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар;
9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші не екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.

Квоталар мөлшері пайызбен "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен

5.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормативі

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген).

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар.

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кабинеттері мен аудиториялары үй-жайларының алаңдарына;
2) объектілерде тұру жағдайларына;
3) объектілердегі тамақтану жағдайларына;
4) объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға;
5) объектілерде медициналық қамтамасыз етуге.

6.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі норма

1) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген);
2) "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген)

Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар, оның ішінде басым тұлғалар:
1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
2) кәмелетке толған кезде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар катарындағы адамдар; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедек адамдарға, теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оұлты қазақ адамдар;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;
4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ білім беру ұйымын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;
5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар
6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;
7) ұйымның өзге де білім алушылары.

Жатақханалардағы орындар конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссиямен бөлінеді. 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 "Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 27 марта 2023 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 марта 2023 года № 32148

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 303 "Об утверждении минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13866) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 3) статьи 9 и со статьей 26 Закона Республики Казахстан "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в минимальных социальных стандартах высшего образования, получаемых на конкурсной основе, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Наименование центрального государственного органа, разрабатывающего и утверждающего минимальный социальный стандарт: Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан.";

      подпункты 1) и 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Закон Республики Казахстан "Об образовании";

      2) Закон Республики Казахстан "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях";";

      подпункт 5) пункта 2 исключить;

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Нормы и нормативы минимального социального стандарта высшего образования, получаемого на конкурсной основе:

№п/п

Наименование нормы/ норматива

Нормативный правовой акт, регулирующий норму/ нормативов

Категории лиц, имеющих право на минимальный социальный стандарт по нормам/ нормативам

Размер нормы/норматива

1

2

3

4

5

1.

Норматив (размер) государственного образовательного гранта при приеме в высшие учебные заведения

1) Закон Республики Казахстан "Об образовании";
2) постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 253 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием, а также техническим и профессиональным, послесредним образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением организаций образования, осуществляющих подготовку кадров для Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований, а также специальных государственных органов), на 2021 - 2022, 2022 - 2023, 2023 - 2024 учебные годы".

Граждане Республики Казахстан, лица без гражданства, постоянно проживающие в Республике Казахстан, лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан, а также иностранцы, определяемые международными договорами Республики Казахстан, имеющие общее среднее или техническое и профессиональное, или после среднее образование на конкурсной основе.

Размер государственного образовательного гранта утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан.

2.

Норматив (размер) стипендии для обучающихся на основе государственного образовательного заказа

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий"

Студенты, интерны, магистранты, докторанты, врачи-резиденты, слушатели подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования, обучающиеся в организациях образования по государственному образовательному заказу по очной форме обучения.

Размер государственной стипендии определен главой 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий".

3.

Норматив льготного проезда обучающихся на основе государственного образовательного заказа

приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 "Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железно дорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12894)

Студенты, магистранты, слушатели подготовительных отделений обучающиеся на основе государственного образовательного заказа.

Размер компенсации на проезд определен пунктом 5 приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 677 "Об утверждении правил обеспечения льготного проезда путем выплаты компенсаций для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, в период зимних и летних каникул на междугородном железно дорожном и автомобильном транспорте (кроме такси)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12894).

4.

Норматив (квота) приема при поступлении на учебу в организации высшего образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 264 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования"

1) Граждане из числа лиц с инвалидностью I или II групп, лиц с инвалидностью с детства, детей с инвалидностью;
2) ветераны боевых действий на территории других государств, лица, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны;
3) граждане из числа сельской молодежи на обучение по образовательным программам, определяющие социально-экономическое развитие села;
4) лица казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан;
5) дети-сироты и дети, оставшихся без попечения родителей, а также граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до совершеннолетия;
6) граждане Республики Казахстан из числа сельской молодежи, переселяющихся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;
7) дети из семей, в которых воспитывается четыре и более несовершеннолетних детей;
8) дети из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет;
9) дети из семей, воспитывающих детей с инвалидности с детства, лиц с инвалидностью первой или второй групп.

Размер квоты в процентах определен постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 264 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования".

5.

Норматив санитарно-эпидемиологических требований

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23890).

Организации, реализующие образовательные программы высшего образования.

В соответствии с требованиями Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования":
1) к площадям помещений учебных кабинетов и аудиторий высшего и послевузовского образования;
2) к условиям проживания на объектах;
3) к условиям питания на объектах;
4) к ремонту и содержанию помещений объектов;
5) к медицинскому обеспечению на объектах.

6.

Нормы по обеспечению местами в общежитии обучающихся на основе государственного образовательного заказа

1) приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-76 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23890);
2) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 66 "Об утверждении Правил распределения мест в общежитиях организаций образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13487).

Обучающиеся в организациях высшего образования, в том числе приоритетные лица:
1) лица с ограниченными возможностями из числа лиц с инвалидностью; лица с инвалидностью с детства; дети с инвалидностью I и II групп; дети с инвалидностью; дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей; при наличии у обоих или одного родителя инвалидности;
2) лица из числа молодежи, оставшиеся без попечения родителей на момент достижения совершеннолетия; лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны; лица из числа сельской молодежи, поступившие на специальности, определяющие социально-экономическое развитие села, а также лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан;
3) обучающиеся, в рамках программы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін- 2050");
4) обучающиеся, зачисленные на первый курс, обладающие знаком "Алтын белгі", обучающиеся имеющие сертификат победителя Президентской, международной и республиканской олимпиад и (или) конкурса, а также абитуриенты, окончившие организации образования с отличием с подтверждающим документом об образовании (свидетельства, аттестат, диплом);
5) обучающиеся, принятые на обучение на первый курс в соответствии с государственным образовательным заказом, имеющие высокий балл по итогам Единого национального тестирования или Комплексного тестирования, вступительных экзаменов по предметам или в форме тестирования, проведенных организацией;
6) обучающиеся из числа учащихся старших курсов, имеющие высокие результаты в учебной, научной и общественной работе;
7) иные обучающиеся организации.

Места в общежитии распределяются на конкурсной основе специально созданной комиссией. Площадь на 1 человека предусматривается не менее 6 м2 и не более 4 человек в 1 комнате.

      ".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек