"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 57 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 46 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32235 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 47 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 55 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 47 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 29.06.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Өлшемшарттарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес елеусіз және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;

      4) елеусіз бұзушылықтар – оларды сақтамау немқұрайлылықпен жол берілген бұзушылықтарға әкеп соқтырған және (немесе) әкеп соқтыруы мүмкін, бірақ халықтың денсаулығына қандай да бір елеулі зиян келтірмеген, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;

      5) жаппай қауіп-қатер – инфекциялық, паразиттік аурулардың және (немесе) уланулардың пайда болуымен және таралуымен адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін химиялық, физикалық және биологиялық заттардың (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттардың, улар мен улы заттардың, биологиялық және микробиологиялық организмдердің және олардың уыттарының, биологиялық құралдары мен материалдарының) ықтимал қауіпті ықпалымен бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметімен байланысты жағдайлар және (немесе) факторлар;

      6) өрескел бұзушылықтар – оларды сақтамау жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтырған және (немесе) әкеп соқтыруы мүмкін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын қасақана немесе абайсызда және елеулі бұзушылық;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектісін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі кейіннен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін, бұл ретте жол берілетін деңгейді қамтамасыз ете отырып, тиісті қызмет салаларындағы тәуекел, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруге бара отырып, осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған;

      10) тексеру парағы – оларды сақталмау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі;

      13) эпидемиялық мәні бар объектілер – өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тамақтан уланулардың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына алып келуі және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан, физикалық факторлардан халықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер.";

      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Талаптарға сәйкестігіне тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын (шешімдерді мультиөлшемшарттық талдау) объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

      5. Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді: осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес жоғары, орташа және төмен.";

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Екінші кезеңде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру кезінде іріктеу үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасы, ақпарат көздері қолданылады.

      10. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

      Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін көздейді.

      Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы. Қолайсыз оқиғаларға инфекциялық аурулардың және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық аурулардың және уланулардың, оның ішінде тамақтан уланулардың, олардың таралу ошақтарының жағдайларын тіркеу жатады.

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      5) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      6) Кодекстің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу осы өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) барып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен автоматтандырылған режимде, кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 баллға дейінгі ауқымда қалыпқа келтіре отырып, жүзеге асырылады.

      Rаралық = SP + SC, мұнда

      Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеме жиынтықты (іріктемені) құрайды.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0 ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi– субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi–xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеуге қосылады.

      R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 баллға дейінгі ауқымға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру мынадай формуланы пайдалана отырып, әрбір іріктеме жиынтық (іріктеме) бойынша жүзеге асырылады:



      R – жеке бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),


– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

– субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау, талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі";

      мынадай мазмұндағы жол алынып тасталсын:

      "Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) алдыңғы тексерулер мен бара отырып профилактикалық бақылаудың нәтижелері";

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
__________А. Куантыров
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
__________А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 4 сәуірдегі
№ 46 мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 57
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласында
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі ______________________________________________________________________ бақылау және қадағалау ___________________________________________________________________ қатысты субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында/аясында

Р/с №

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (жиынтығында 100 баллдан аспауы тиіс), wi

1-шарт/мән

2-шарт/мән

3-шарт/мән

1

2

3

4

5

Барып профилактикалық бақылау үшін

1

Өндірістік объектілерде (өнеркәсіптік және радиациялық гигиена объектілері) жүргізілген өндірістік бақылау нәтижесі туралы ақпараттың болмауы не уақтылы ұсынылмауы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесі

10 балл

0

Болмау фактісі


0%

100%


2

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша ақпарат ұсынбау

5 балл

0

Болмау фактісі


0%

100%


3

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өнімді (тауарларды) әкелу және сәйкестігін декларациялау жөніндегі талаптарды бұзуы

5 балл

0

2 және одан артық


0%

100%

4

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсаттың/ хабарламаның болмауы

5 балл

0

Болмау фактісі


0%

100%


5

Білім беру, тәрбиелеу объектілерінің толымдылығының артуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижесі

5 балл

0

10%

20% және одан артық

0%

70%

100%

6

 
Топтық инфекциялық аурулар мен уланулардың, оның ішінде тамақтан уланулардың, кәсіптік аурулар мен уланулардың тіркелу жағдайлары

Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы

30 балл

0 ж

1 және одан артық жағдайлар


0%

100%


7

 
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес ақпарат пен есептілікті ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы және нұсқамадағы талаптарды орындамауы

Бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижесі

20 балл

0

Болмау фактісі


0%

100%


8

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметіне расталған шағым

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

20 балл

0

3-ке дейін

3 және одан артық

0%

70%

100%

Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Топтық инфекциялық аурулар мен уланулардың, оның ішінде тамақтан уланулардың, кәсіптік аурулар мен уланулардың тіркелу жағдайлары

Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы

30 балл

0

1 және одан артық жағдайлар


0%

100%


2

Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметіне расталған шағым

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

25 балл

0

3-ке дейін

3 және одан артық

0%

70%

100%

3

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижесі

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижесі

25 балл

0 ж

1 ж


0%

100%


4

Білім беру, тәрбиелеу объектілерінің толымдылығының артуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижесі

10 балл

0

10%

20% және одан артық

0%

70%

100%

5

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсаттың/ хабарламаның болуы

10 балл

0

Болу фактісі


0%

100%


      Шаблонды толтыру жөніндегі нұсқаулық:

      1) Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы баллмен көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың жиынтығы 100 баллдан аспауы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі аралықта пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 декабря 2022 года № ҚР ДСМ-152 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2022 года № 117 "Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения"

Совместный приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 апреля 2023 года № 57 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 4 апреля 2023 года № 46. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2023 года № 32235. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 47 и Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики РК от 29.06.2024 № 55.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 47 и Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики РК от 29.06.2024 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 декабря 2022 года № ҚР ДСМ-152 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2022 года № 117 "Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30964) следующие изменения и дополнения:

      В критериях оценки степени риска в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. В настоящих Критериях используются следующие определения:

      1) балл – количественная мера исчисления риска;

      2) нормализация данных – статистическая процедура, предусматривающая приведение значений, измеренных в различных шкалах, к условно общей шкале;

      3) значительные нарушения – нарушения требований законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, не относящиеся к незначительным и грубым нарушениям в соответствии с подпунктами 2) и 3) настоящего пункта;

      4) незначительные нарушения – нарушения требований законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, несоблюдение которых повлекло и (или) может повлечь формально допущенные, но не нанесшие какого-либо ощутимого вреда здоровью населения;

      5) массовая угроза – случаи и (или) факторы связанные с деятельностью субъекта (объекта) контроля и надзора, воздействием потенциально опасных химических, физических и биологических веществ (в том числе токсичных, радиоактивных, биологических и химических веществ, ядов и ядовитых веществ, биологических и микробиологических организмов и их токсинов, биологических средств и материалов) создающие угрозу, опасность для жизни и здоровья человека, окружающей среде возникновением и распространением инфекционных, паразитарных заболеваний и (или) отравлений;

      6) грубые нарушения – умышленное или неосторожное явное и существенное нарушение законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, несоблюдение которых повлекло и (или) может повлечь вред жизни, здоровью человека и окружающей среде, затрагивающие права и законные интересы физических и юридических лиц;

      7) объективные критерии оценки степени риска (далее – объективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора субъектов (объектов) контроля и надзора в зависимости от степени риска в определенной сфере деятельности и не зависящие непосредственно от отдельного субъекта (объекта) контроля и надзора;

      8) субъективные критерии оценки степени риска (далее – субъективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора субъектов (объектов) контроля и надзора в зависимости от результатов деятельности конкретного субъекта (объекта) контроля и надзора;

      9) система оценки и управления рисками – процесс принятия управленческих решений, направленных на снижение вероятности наступления неблагоприятных факторов путем распределения субъектов (объектов) контроля и надзора по степеням риска для последующего осуществления профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и (или) проверок на соответствие требованиям с целью минимально возможной степени ограничения свободы предпринимательства, обеспечивая при этом допустимый уровень риска в соответствующих сферах деятельности, а также направленных на изменение уровня риска для конкретного субъекта (объекта) контроля и надзора и (или) освобождения такого субъекта (объекта) контроля и надзора от профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и (или) проверок на соответствие требованиям;

      10) проверочный лист – перечень требований, предъявляемых к деятельности субъектов (объектов) контроля и надзора, несоблюдение которых влечет за собой угрозу жизни и здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, государства;

      11) риск в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения – вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемого субъекта (объекта) жизни или здоровью человека, окружающей среде с учетом степени тяжести его последствий;

      12) выборочная совокупность (выборка) – перечень оцениваемых субъектов (объектов), относимых к однородной группе субъектов (объектов) контроля и надзора, в соответствии с пунктом 2 статьи 143 Кодекса;

      13) эпидемически значимые объекты – объекты, производимая продукция и (или) деятельность которых при нарушении требований законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения может привести к возникновению пищевых отравлений и (или) инфекционных, паразитарных заболеваний среди населения, и (или) нанести вред здоровью населения от физических факторов, промышленных и радиоактивных загрязнений.";

      пункты 4, 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Критерии оценки степени риска для проведения проверки на соответствие требованиям и профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора формируются посредством определения объективных и субъективных критериев, которые осуществляются поэтапно (мультикритериальный анализ решений).

      5. На первом этапе по объективным критериям субъекты (объекты) контроля и надзора распределяются по трем степеням риска: высокая, средняя и низкая в соответствии с приложением 1 к настоящим критериям.";

      пункты 9, 10 изложить в следующей редакции:

      "9. На втором этапе для отнесения субъектов (объектов) контроля и надзора к степени риска и отбора при проведении профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора и (или) проверки на соответствие требованиям, применяются база данных, источники информации для выявления субъектов (объектов) контроля и надзора, нарушающих требования законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      10. Формирование базы данных и сбор информации необходимы для выявления субъектов (объектов) контроля и надзора.

      Процессы сбора и обработки информации в полной мере автоматизируются и предусматривают возможность проверки корректности полученных данных.

      Для определения субъективных критериев оценки степени рисков используются следующие источники информации:

      1) наличие неблагоприятных происшествий, возникших по вине субъекта контроля и надзора. К неблагоприятным происшествиям относятся регистрация случаев инфекционных заболеваний и (или) паразитарных, групповых инфекционных заболеваний и отравлений, в том числе пищевые, очагов их распространения;

      2) наличие и количество подтвержденных жалоб и обращений;

      3) результаты профилактического контроля без посещения субъекта (объекта) контроля и надзора (итоговые документы, выданные по итогам профилактического контроля без посещения субъекта (объекта) контроля и надзора);

      4) результаты анализа сведений, представляемых государственными органами и организациями;

      5) результаты мониторинга отчетности и сведений, представляемых субъектом контроля и надзора;

      6) результаты проведения расследования органами государственного контроля и надзора в соответствии с основаниями, предусмотренными статьей 144-4 Кодекса.";

      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:

      "13-1. При формировании системы оценки рисков с использованием информационных систем, расчет показателя степени риска по субъективным критериям, а также показатели степени риска, осуществляется согласно перечню субъективных критериев по форме согласно приложению 3 к настоящим критериям.

      Расчет показателя степени риска по субъективным критериям (R) осуществляется в автоматизированном режиме путем суммирования показателя степени риска по нарушениям по результатам предыдущих проверок и профилактического контроля с посещением субъектов (объектов) контроля и надзора (SP) и показателя степени риска по субъективным критериям (SC), с последующей нормализацией значений данных в диапазон от 0 до 100 баллов.

      Rпром = SP + SC, где

      Rпром – промежуточный показатель степени риска по субъективным критериям,

      SР – показатель степени риска по нарушениям,

      SC – показатель степени риска по субъективным критериям.

      Расчет производится по каждому субъекту (объекту) контроля и надзора однородной группы субъектов (объектов) контроля и надзора каждой сферы государственного контроля и надзора. При этом перечень оцениваемых субъектов (объектов) контроля и надзора, относимых к однородной группе субъектов (объектов) контроля и надзора одной сферы государственного контроля и надзора, образует выборочную совокупность (выборку) для последующей нормализации данных.

      Расчет показателя степени риска по субъективным критериям производится по шкале от 0 до 100 баллов и осуществляется по следующей формуле:

     


      xi – показатель субъективного критерия,

      wi – удельный вес показателя субъективного критерия ,

      n – количество показателей.

      Полученное значение показателя степени риска по субъективным критериям включается в расчет показателя степени риска по субъективным критериям.

      Рассчитанные по субъектам (объектам) значения по показателю нормализуются в диапазон от 0 до 100 баллов. Нормализация данных осуществляется по каждой выборочной совокупности (выборке) с использованием следующей формулы:

     


      R – показатель степени риска (итоговый) по субъективным критериям отдельного субъекта (объекта) контроля и надзора,

     

– максимально возможное значение по шкале степени риска по субъективным критериям по субъектам (объектам), входящим в одну выборочную совокупность (выборку) (верхняя граница шкалы),

     

– минимально возможное значение по шкале степени риска по субъективным критериям по субъектам (объектам), входящим в одну выборочную совокупность (выборку) (нижняя граница шкалы),

     

– промежуточный показатель степени риска по субъективным критериям.";

      в приложении 2 к критериям оценки степени риска в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения:

      наименование изложить в следующей редакции:

      "Степени нарушения требований к субъектам (объектам) контроля и надзора в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения при проведении профилактического контроля с посещением, проверок на соответствие требованиям и внеплановых проверок";

      исключить строку следующего содержания:

      "Результаты предыдущих проверок и профилактического контроля с посещением субъектов (объектов) контроля и надзора";

      приложение 3 к критериям оценки степени риска в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему cовместному приказу.

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет - ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением двадцать шестого, двадцать восьмого, тридцатого и тридцать первого абзацев пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 1 июля 2024 года.

      и.о. Министра национальной экономики
Республики Казахстан
__________ А. Куантыров
      и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
__________ А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАНО"
Комитет по правовой статистике
и специальным учетам
Генеральной прокуратуры
Республики Казахстан

  и.о. Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 4 апреля 2023 года № 46
и и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 3 апреля 2023 года № 57
  Приложение 3
к критериям оценки степени
риска в сфере
санитарно- эпидемиологического
благополучия населения

Перечень субъективных критериев для определения степени риска по субъективным критериям

      в сфере/в области/за санитарно-эпидемиологического благополучия населения
в соответствии со статьями 138 и 139 ________________________________
Предпринимательского кодекса Республики Казахстан в отношении
_________________________________________________________________
наименование однородной группы субъектов (объектов)
__________________________________________________________________
контроля и надзора

№ п/п

Показатель субъективного критерия

Источник информации по показателю субъективного критерия

Удельный вес по значимости, балл (в сумме не должен превышать 100 баллов), wi

условие 1/значение

условие 2/значение

условие 3/значение

1

2

3

4

5

Для профилактического контроля с посещением

1

Отсутствие либо несвоевременное представление информации о результатах проведенного производственного контроля на производственных объектах (объекты промышленной и радиационной гигиены)

Результаты профилактического контроля без посещения субъекта (объекта) контроля и надзора

10 баллов

0

Факт отсутствия


0%

100%


2

Непредставление информации по исполнению рекомендации, выданной в рамках проведенного профилактического контроля без посещения субъектов (объектов) контроля

5 баллов

0

Факт отсутствия


0%

100%


3

Нарушение участниками внешней экономической деятельности требований по ввозу и декларированию соответствия продукции (товаров)

5 баллов

0

2 и более


0%

100%

4

Отсутствие разрешения/ уведомления в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения предусмотренных в соответствии с Законом РК "О разрешениях и уведомлениях"

5 баллов

0

Факт отсутствия


0%

100%


5

Превышение наполняемости объектов образования, воспитания

Результаты анализа сведений, представляемых государственными органами и организациями

5 баллов

0

10%

20% и более

0%

70%

100%

6

Случаи регистрации групповых инфекционных заболеваний и отравлений, в том числе пищевых, профессиональных заболеваний и отравлений

Наличие неблагоприятных происшествий, возникших по вине субъекта контроля и надзора

30 баллов

0 сл

1 и более случаев


0%

100%


7

Непредставление и (или) несвоевременное представление субъектом (объектом) контроля и надзора информации и отчетности в соответствии с законодательством в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и неисполнение требований в предписании

Результаты мониторинга отчетности и сведений, представляемых субъектом (объектом) контроля и надзора

20 баллов

0

Факт отсутствия


0%

100%


8

Подтвержденная жалоба на деятельность субъекта (объекта) контроля и надзора

Наличие и количество подтвержденных жалоб и обращений

20 баллов

0

до 3-х

3 и более

0%

70%

100%

Для проверок на соответствие требованиям

1

Случаи регистрации групповых инфекционных заболеваний и отравлений, в том числе пищевых, профессиональных заболеваний и отравлений

Наличие неблагоприятных происшествий, возникших по вине субъекта контроля и надзора

30 баллов

0

1 и более случаев


0%

100%


2

Подтвержденная жалоба на деятельность субъекта (объекта) контроля и надзора

Наличие и количество подтвержденных жалоб и обращений

25 баллов

0

до 3-х

3 и более

0%

70%

100%

3

Результаты проведения расследования

Результаты проведения расследования органами государственного контроля и надзора

25 баллов

0 сл

1 сл


0%

100%


4

Превышение наполняемости объектов образования, воспитания

Результаты анализа сведений, представляемых государственными органами и организациями

10 баллов

0

10%

20% и более

0%

70%

100%

5

Наличие разрешения/ уведомления в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения предусмотренных в соответствии с Законом РК "О разрешениях и уведомлениях"

10 баллов

0

Факт наличия


0%

100%


      Инструкция по заполнению шаблона:

      1) Показатели субъективных критериев определяются для однородных групп субъектов (объектов) контроля и надзора в каждой сфере государственного контроля и надзора.

      2) В графе 2 указывается показатель субъективного критерия.

      3) В графе 3 указываются приоритетные источники информации.

      4) В графе 4 указывается удельный вес по значимости показателя субъективного критерия в баллах. Сумма всех строк по данной графе не должно превышать 100 баллов.

      5) В графе 5 указываются условия учета показателя субъективного критерия в расчете степени риска по субъективным критериям и числовые значения показателей субъективных критериев, соответствующие каждому условию. Числовые значения указываются в процентах от 0 до 100, в зависимости от повышения риска. Допустимые значения показателей субъективных критериев регламентируются нормативными правовыми актами Республики Казахстан.