"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31799 болып тіркелген) қолданылуы 2023 жылғы 28 сәуірге дейін (қоса есептегенде) тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі