Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32315 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.09.2023 № 404/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы беріліп отырған "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.09.2023 № 404/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақыстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 11 сәуірдегі
№ 142/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.09.2023 № 404/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу және "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі органның сәйкестікті бағалау саласындағы белгілі бір жұмыстарды орындауға өтініш берушінің құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

      4) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, заңды тұлғалар;

      5) өтініш – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхатын қамтитын өтініш нысандарының бірі;

      6) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) цифрлық майнингтік пул – осы Қағидаларға сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2-тарау. Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу тәртібі

      3. Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Цифрлық майнингтік пул бір жыл мерзімге аккредиттеледі.

      4. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      1) цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы;

      2) ақпараттық қауіпсіздік талаптардың сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы;

      3) Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы;

      4) цифрлық майнингтік пулдың (негізгі және резервтік) аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз ету;

      5) ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулдың және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі жолданымдарының болуы;

      6) цифрлық майнингтік пулдың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы;

      7) мемлекеттік сервиспен ықпалдастырылуы.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) ақпараттандыру объектісі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді немесе кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      9 Аккредиттеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      10. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      11. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлікті береді не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Тексеру нәтижелері бойынша бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ұсынылған құжаттар (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойылған нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.

      13. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасында цифрлық майнингтік пулды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, цифрлық майнинг пулы ретінде аккредиттеуге жататын заңды тұлғаның аппараттық-бағдарламалық кешенінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар акт туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      15. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына (3) үш жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толығымен қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әрекет жасаса шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

  Цифрлық майнингтік пулдарды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Өтініш

      Цифрлық майнерлердің цифрлық майнингі үшін аппараттық-бағдарламалық кешен

      қуаттарын біріктіру қызметін ұсыну, бірлескен қызмет нәтижесінде алынған цифрлық

      активтерді цифрлық майнерлер арасында бөлуді жүзеге асыру жөніндегі қызметті

      жүзеге асыру үшін

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________ аккредиттеуді (қайта ресімдеуді) сұраймын.

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Орналасқан жері:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________.

      (Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-

      бағдарламалық кешенінің (серверінің) орналасқан жері көрсетіледі) Ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін. Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар

      сенімді және жарамды болып табылады 20__ жылғы "___" ___________. "Дербес

      деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "___" ___________.

  Цифрлық майнингтік пулдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www.elicense.kz."Е-лицензиялау мемлекеттік деректер базасы" ақпараттандыру объектісі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні;
цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік,
Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Кеңсе арқылы цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын хат;
цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі;
цифрлық майнингтік пулдың ақпараттық жүйесінде техникалық қолдау қызметінің болуын және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істеуін растайтын хат;
цифрлық майнингтік пул ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуын растайтын хат.
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік сервиспен интеграциялау туралы оң хатының көшірмесі.
2) Портал арқылы цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын хаттың электрондық көшірмесі;
цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі;
ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулдың болуын растайтын хаттың электрондық көшірмесі;
цифрлық майнингтік пул ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуын растайтын хаттың электрондық көшірмесі;
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік сервиспен интеграциялау туралы оң хатының көшірмесі.
3) Кеңсе арқылы цифрлық майнинг пулын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) Портал арқылы цифрлық майнинг пулын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуге негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты соттың қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызмет алушы цифрлық майнинг пулын аккредиттеуді алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін сұрау салады.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің moap@mdai.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері – 1414, 8-800-080-7777.

  Цифрлық майнингтік пулдарды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан



Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік

      Осы куәлік ___________________________________________________________

      ______________________________________________________________ берілді

      (цифрлық майнингтік пулдың атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы көрсетіледі)

      Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу қағидаларына сәйкес

      ______________________________________________________аккредиттелген деп

      танылсын (цифрлық майнингтік пулдың атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-

      бағдарламалық кешенінің (серверінің) орналасқан жері көрсетіледі) Осы цифрлық

      майнинг пулын аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі берілген күннен

      бастап бір жылды құрайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында

      қолданылады.

      _________________________________________________________________________

      (уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________________ (қолы)

      Берілген күні: "__" _____ 20__ жыл

  Цифрлық майнингтік пулдарды
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Ұйымның атауы



Ұйымның атауы


Дәлелді бас тарту


Нөмірі №:

Берілген күні: Өтініш берушінің атауы





Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, Сіздің цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы өтінішіңізді және оған қоса берілген құжаттарды қарап, мынаны хабарлайды.
Бас тарту себебі



Қол қоюшы
лауазымы


(қол қоюшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)


 


 


Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Аккредитации цифровых майнинговых пулов

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2023 года № 142/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2023 года № 32315.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.09.2023 № 404/НҚ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О цифровых активах в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания государственной услуги "Аккредитации цифровых майнинговых пулов".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.09.2023 № 404/НҚ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту развития электронной промышленности и индустрии цифровых активов Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 апреля 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
приказом Министра цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 11 апреля 2023 года № 142/НҚ

Правила аккредитации цифровых майнинговых пулов

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 13.09.2023 № 404/НҚ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации цифровых майнинговых пулов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О цифровых активах в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок аккредитации цифровых майнинговых пулов и оказания государственной услуги "Аккредитация цифровых майнинговых пулов" (далее – государственная услуга).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) аккредитация – процедура официального признания органом по аккредитации компетентности заявителя выполнять работы в определенной области оценки соответствия;

      2) информационная система – организационно-упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      3) государственный сервис контроля доступа к персональным данным (далее – государственный сервис) – услуга, обеспечивающая информационное взаимодействие собственников и (или) операторов, третьих лиц с субъектом персональных данных и уполномоченным органом при доступе к персональным данным, содержащимся в объектах информатизации государственных органов и (или) государственных юридических лиц, включая получение от субъекта персональных данных согласия на сбор, обработку персональных данных или их передачу третьим лицам;

      4) услугополучатель – юридические лица, за исключением центральных государственных органов, загранучреждений Республики Казахстан, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      5) заявление – одна из форм обращения, содержащая ходатайство участника административной процедуры о содействии в реализации его прав, свобод и законных интересов или прав, свобод и законных интересов других лиц;

      6) уполномоченный орган в сфере цифровых активов (далее – услугодатель) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере цифровых активов

      7) цифровой майнинговый пул – юридическое лицо, аккредитованное в соответствии с настоящими Правилами, предоставляющее услугу объединения мощностей аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга цифровых майнеров, осуществляющее распределение между цифровыми майнерами цифровых активов, полученных в результате их совместной деятельности;

      8) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (далее – ЭЦП).

Глава 2. Порядок проведения аккредитации цифровых майниговых пулов

      3. Аккредитация цифровых майнинговых пулов осуществляется на территории Республики Казахстан. Цифровой майнинговый пул аккредитуется сроком на один год.

      4. Обязательными условиями для аккредитации цифрового майнингового пула являются:

      1) физическое местонахождение аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула на территории Республики Казахстан;

      2) наличие акта с положительным результатом испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности;

      3) наличие не менее одного резервного аппаратно-программного комплекса, находящегося в ином населенном пункте Республики Казахстан (столице, городе республиканского значения, городе областного значения, городе районного значения);

      4) обеспечение каждого из аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула (основной и резервный) двумя выделенными каналами связи от разных поставщиков (провайдеров) услуг связи;

      5) наличие в информационной системе цифрового майнингового пула службы технической поддержки и обращения клиентов в круглосуточном режиме;

      6) наличие пользовательского интерфейса на государственном, русском и английском языках информационной системы цифрового майнингового пула;

      7) интеграция с государственным сервисом.

      5. Для получения государственной услуги услугополучатель направляет посредством объекта информатизации "Государственная база данных "Е-лицензирование" www.elicense.kz, (далее – портал) или через канцелярию услугодателя заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам с приложением документов и сведений, изложенных в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – Перечень).

      6. При сдаче услугополучателем документов в "личном кабинете" отображается статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата оказания государственной услуги.

      При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      7. Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием и регистрацию.

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия, работник услугодателя в течение 2 (два) рабочих дней с момента регистрации документов направляет услугополучателю мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления посредством портала или работник канцелярии отказывает в приеме заявления.

      8. При представлении услугополучателем полного пакета документов услугодатель рассматривает представленные документы в течение 5 (пять) рабочих дней с момента регистрации документов на соответствие требованиям настоящих Правил.

      9. При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для предоставления услугополучателю возможности выразить позицию по предварительному решению.

      10. Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (два) рабочих дней со дня уведомления.

      11. По результатам заслушивания услугодатель выдает свидетельство об аккредитации цифрового майнингового пула по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам либо направляет мотивированный отказ в оказании государственной услуги по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя либо лица его замещающего или через канцелярию услугодателя.

      12. При представлении услугополучателем полного пакета документов для переоформления свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула услугодатель рассматривает представленные документы в течение 2 (два) рабочих дней с момента регистрации документов на соответствие требованиям настоящих Правил.

      По результатам проверки при несоответствии представленных документов (или) представления документов с истекшим сроком действия услугодатель направляет услугополучателю мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, подписанным ЭЦП уполномоченного лица услугодателя либо лица его замещающего посредством портала или через канцелярию услугодателя.

      13. Сведения документов, удостоверяющих личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) цифрового майнингового пула в Республике Казахстан, об акте с положительным результатом испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности аппаратно-программного комплекса юридического лица, подлежащего аккредитации в качестве цифрового майнингового пула, содержащиеся в государственных информационных системах, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      14. Услугодатель в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации.

      15. При внесении изменений и (или) дополнений в Правила услугодатель направляет оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", в Единый контакт-центр информацию об изменениях и (или) дополнениях в течении (3) трех рабочих дней.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      16. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      17. Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом, в соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан услугодатель, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (три) рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      18. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пять) рабочих дней со дня ее регистрации.

      19. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня ее регистрации.

      20. Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке. В случае, если законом предусмотрена возможность обращения в суд без необходимости обжалования в вышестоящем органе, административный орган, должностное лицо, административный акт, административное действие (бездействие) которых оспариваются, наряду с отзывом представляют в суд мотивированную позицию руководителя вышестоящего административного органа, должностного лица.

  Приложение 1
к Правилам аккредитации
цифровых майнинговых пулов
  Форма

Заявление

      Прошу аккредитовать (переоформить) _____________________________________
(полное наименование юридического лица, бизнес-идентификационный номер)
для осуществления деятельности по предоставлению услуги объединения мощностей
аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга цифровых майнеров,
осуществлению распределения между цифровыми майнерами цифровых активов,
полученных в результате совместной деятельности.
Местонахождение: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________.
(указывается местонахождение аппаратно-программного комплекса (сервера)
цифрового майнингового пула на территории Республики Казахстан)
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Вся указанная информация, а также прилагаемые документы являются достоверными
и действительными "___" ___________ 20__ года.
Согласен на сбор и обработку персональных данных в соответствии с Законом
Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".
Электронная цифровая подпись заявителя
_______________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Дата заполнения: "__" ____________ 20__ года

  Приложение 2
к Правилам аккредитации
цифровых майнинговых пулов

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги:
"Аккредитация цифровых майнинговых пулов"

1.

Наименование услугодателя

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

2.

Способы предоставления государственной услуги

Посредством объекта информатизации "Государственная база данных "Е-лицензирование" www.elicense.kz или через канцелярию услугодателя.

3.

Срок оказания государственной услуги

Выдача свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула – 10 (десять) рабочих дней;
переоформление свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула – 5 (пять) рабочих дней.

4.

Форма оказания государственной услуги

электронная (частично автоматизированная) или бумажная.

5.

Результат оказания государственной услуги

Свидетельство об аккредитации цифрового майнингового пула, переоформленное свидетельство об аккредитации цифрового майнингового пула либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

6.

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается бесплатно.

7.

График работы услугодателя

1) услугодатель – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней;
2) портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8.

Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги

1) Для получения свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула через канцелярию:
заявление в форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
письмо, подтверждающее наличие не менее одного резервного аппаратно-программного комплекса, находящегося в ином населенном пункте Республики Казахстан (столице, городе республиканского значения, городе областного значения, городе районного значения);
копия договора об оказании услуг по предоставлению в аренду серверного помещения с подтверждением обеспечения каждого из аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула (основной и резервный) двумя выделенными каналами связи от разных поставщиков (провайдеров) услуг связи;
письмо, подтверждающее наличие в информационной системе цифрового майнингового пула службы технической поддержки и обращения клиентов в круглосуточном режиме;
письмо, подтверждающее наличие пользовательского интерфейса на государственном, русском и английском языках информационной системы цифрового майнингового пула;
копия положительного письма об интеграции с государственным сервисом от уполномоченного органа в сфере информационной безопасности.
2) Для получения свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула через портал:
заявление в форме электронного документа, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;
электронная копия письма, подтверждающая наличие не менее одного резервного аппаратно-программного комплекса, находящегося в ином населенном пункте Республики Казахстан (столице, городе республиканского значения, городе областного значения, городе районного значения);
электронная копия договора об оказании услуг по предоставлению в аренду серверного помещения с подтверждением обеспечения каждого из аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула (основной и резервный) двумя выделенными каналами связи от разных поставщиков (провайдеров) услуг связи;
электронная копия письма, подтверждающая наличие в информационной системе цифрового майнингового пула службы технической поддержки;
электронная копия письма, подтверждающая наличие пользовательского интерфейса на государственном, русском и английском языках информационной системы цифрового майнингового пула;
копия положительного письма об интеграции с государственным сервисом от уполномоченного органа в сфере информационной безопасности.
3) Для переоформления свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула через канцелярию:
заявление в форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
копия договора об оказании услуг по предоставлению в аренду серверного помещения с подтверждением обеспечения каждого из аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула (основной и резервный) двумя выделенными каналами связи от разных поставщиков (провайдеров) услуг связи
3) Для переоформления свидетельства об аккредитации цифрового майнингового пула через портал:
заявление в форме электронного документа, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;
электронная копия договора об оказании услуг по предоставлению в аренду серверного помещения с подтверждением обеспечения каждого из аппаратно-программного комплекса цифрового майнингового пула (основной и резервный) двумя выделенными каналами связи от разных поставщиков (провайдеров) услуг связи.

9.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным настоящими Правилами;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением аккредитации цифрового майнингового пула;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

1. Услугополучатель подает запрос для получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия у него ЭЦП.
2. Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
3. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан moap@mdai.gov.kz.
4. Номера телефонов единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг – 1414, 8-800-080-7777.

  Приложение 3
к Правилам аккредитации
цифровых майнинговых пулов
  Форма

     


Свидетельство об аккредитации цифрового майнингового пула

      Настоящее свидетельство выдано ________________________________________
_____________________________________________________________________
(указывается наименование цифрового майнингового пула и юридический адрес)
_____________________________________________________________________
(указывается наименование уполномоченного органа)
признать аккредитованным в соответствии с Правилами аккредитации цифрового
майнингового пула ____________________________________________________
(указывается наименование цифрового майнингового пула)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(указывается местонахождение аппаратно-программного комплекса (сервера)
цифрового майнингового пула на территории Республики Казахстан)
Срок действия настоящего свидетельства об аккредитации цифрового майнингового
пула составляет один год со дня выдачи и действует на всей территории Республики
Казахстан. ____________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя уполномоченного органа)
______________________________ (подпись)
Дата выдачи: "__" _____ 20__ года

  Приложение 4
к Правилам аккредитации
цифровых майнинговых пулов
  Форма

Наименование организации


Наименование организации


Мотивированный отказ


Номер №:

Дата выдачи: Наименование заявителя


Наименование услугодателя, рассмотрев Ваше заявление об аккредитации цифрового
майнингового пула и прилагаемые к нему документы, сообщает следующее.
Причина отказа

Должность подписывающего


(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
(подписывающего)