"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетің атқарушы 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына және "Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32324 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған модельдік келісімшартта:

      27-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған модельдік келісімшартта:

      26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Келісімшарт шеңберіндегі, сондай-ақ өндірістік қызмет (технологиялық цикл) шеңберінде қосылған құны жоғары өнімді (қайта бөлімдерді) алуға, экология, еңбекті қорғау, саласындағы зерттеулерге, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге бағытталған Келісімшартпен байланысты емес қызметке қызметке байланысты көрсетілген жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушының нақты шеккен шығыстары және Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнамалық актісіне сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттеменің орындалуы болып табылады. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады".".

      2. "Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидаларында:

      13-тармақ алынып тасталсын;

      1-қосымша алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

 

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 10 апреля 2020 года № 195 "Об утверждении модельных контрактов по видам операций по недропользованию" и приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 144 "Об утверждении Правил представления и учета принятых государственным органом обеспечений исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по недропользованию"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 14 апреля 2023 года № 256. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2023 года № 32324

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 10 апреля 2020 года № 195 "Об утверждении модельных контрактов по видам операций по недропользованию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20376) следующие изменения:

      в Модельном контракте на разведку твердых полезных ископаемых, утвержденном указанным приказом:

      пункт 27 исключить;

      в Модельном контракте на добычу твердых полезных ископаемых, утвержденном указанным приказом:

      абзац второй пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Исполнением обязательства по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ являются фактически понесенные расходы недропользователя на указанные работы, связанные с деятельностью в рамках Контракта, а также с деятельностью, не связанной с Контрактом, направленной на получение продукции (переделов) с высокой добавленной стоимостью, исследования в области экологии, охраны труда, обеспечения безопасного ведения работ, энергосбережения в рамках производственной деятельности (технологического цикла), и расходы на финансирование научных исследований, осуществляемых субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан в области науки и научно-технической деятельности, а также элементов промышленно-инновационной инфраструктуры, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О промышленной политике". Исполнением обязательств по финансированию проектов участников инновационного кластера "Парк инновационных технологий" также признается направление денег в автономный кластерный фонд в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об инновационном кластере "Парк инновационных технологий".".

      2. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 144 "Об утверждении Правил представления и учета принятых государственным органом обеспечений исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по недропользованию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22470) следующие изменения:

      в Правилах представления и учета принятых государственным органом обеспечений исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по недропользованию, утвержденном указанным приказом:

      пункт 13 исключить;

      приложение 1 исключить.

      3. Департаменту недропользования Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан