Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 32392 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
      міндетін атқарушы А. Турысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "СОГЛАСОВАН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 78/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 27.09.2024 № 607/НҚ (08.01.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) қамтамасыз етілген цифрлық актив – ақша мен құнды қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге құқықтарды кәуландыратын, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және олардың айналымы жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив;

      2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтауға және айырбастауға арналған цифрлық платформа – белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды жүзеге асыратын және ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған таратылған деректер платформасы негізінде құрылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиынтығы;

      3) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналымын шығаруды жүзеге асыратын тұлға – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына рұқсаты бар, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

      5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім (бұдан әрі – шешім) – қамтамасыз етілген цифрлық активтердің шығарылғанын растайтын Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерінің және (немесе) заңды тұлғасының құжаты.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу тәртібі

      3. Шешімді қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлға ресімдейді және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер:

      жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына рұқсат туралы;

      3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдаланылатын технологиялардың атаулары туралы;

      4) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқару органы немесе заңды тұлғаның атқарушы органы бекіткен ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы туралы;

      5) жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды сатып алуға, иеленуге және жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар ету туралы;

      6) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына бастамашы болған тұлғаның немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі тұлғаның меншігіне мүліктік құқықтар туралы;

      7) жеке және заңды тұлғаларға қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылған құқықтар туралы хабарлау цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада көрсетілген тұлғаға беру туралы жазба орналастырылған кезден бастап туындайды;

      8) шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтерді куәландыратын құқықтардың түрі мен көлемі туралы:

      материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге құқықпен куәландырылған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделеді;

      меншікке және (немесе) зияткерлік меншік құқығына мүліктік құқықтары расталған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес белгіленеді;

      9) басталуы кезінде қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару болды (аяқталды) деп танылатын технологиялық процестің сипаттамасы;

      10) шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтерді орналастырудың басталу күні;

      11) қаржылық мониторинг саласындағы уәкілетті органның порталында тіркелуі туралы.

      4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім электрондық нысанда ресімделеді және оған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      5. Заңның 7-бабына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды жүзеге асырған тұлғаның ресми интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық еткен тұлғаның міндеттемелері толық орындалғанға дейін қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім негізінде шығарылған қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық иелерінің алдында ашық қолжетімділікке ие болуы тиіс.

Об утверждении Правил оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов

Приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 апреля 2023 года № 78/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2023 года № 32392.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О цифровых активах в Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов.

      2. Комитету по информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Турысов

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по финансовому мониторингу

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
исполняющий обязанности
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 26 апреля 2023 года № 78/НҚ

Правила оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О цифровых активах в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      Примечание ИЗПИ!
      Подпункт 1) предусмотрен в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 27.09.2024 № 607/НҚ (вводится в действие 08.01.2025).

      1) обеспеченный цифровой актив – цифровой актив, зарегистрированный посредством цифровой платформы по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами, который удостоверяет права на материальные, интеллектуальные услуги и активы, за исключением денег и ценных бумаг;

      2) цифровая платформа по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами – совокупность информационно-коммуникационных технологий, построенных на основе распределенной платформы данных, реализующих определенные информационные взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач, предоставляющих возможность информационного обмена;

      3) уполномоченный орган в сфере цифровых активов (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере цифровых активов;

      4) лицо, осуществляющее выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов – индивидуальный предприниматель, юридическое лицо Республики Казахстан, осуществляющие эксплуатацию цифровой платформы по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами и имеющие разрешение на выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов;

      5) решение о выпуске обеспеченных цифровых активов (далее – решение) – документ индивидуального предпринимателя и (или) юридического лица Республики Казахстан, подтверждающий выпуск обеспеченных цифровых активов.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов

      3. Решение оформляется лицом, осуществляющим выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов, и содержит следующие сведения:

      1) о лице, осуществляющем выпуск обеспеченных цифровых активов:

      для индивидуального предпринимателя – фамилию, имя и отчество (при его наличии), сведения о документах, удостоверяющих личность, сведения о государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя;

      для юридических лиц – наименование юридического лица, местонахождение, сведения о государственной регистрации в качестве юридического лица;

      2) о разрешении на выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов, выданном уполномоченным органом в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      3) о наименованиях используемых технологий, обеспечивающих функционирование цифровой платформы по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами;

      4) о наличии правил внутреннего контроля и программы его осуществления, утвержденных органом управления или исполнительным органом юридических лиц в соответствии с Законом Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма";

      5) об уведомлении физических и юридических лиц о рисках, связанных с покупкой, владением и совершением операций с обеспеченными цифровыми активами;

      6) об имущественных правах на собственность лица, инициирующего выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов или лица, которому принадлежат права, удостоверяемые обеспеченным цифровым активом;

      7) об уведомлении физических и юридических лиц о правах, удостоверенных обеспеченными цифровыми активами, возникающих с момента размещения записи о передаче цифровых активов указанному лицу на цифровой платформе по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами;

      8) о виде и объеме прав, которые удостоверяют выпускаемые обеспеченные цифровые активы:

      выпускаемые обеспеченные цифровые активы на цифровой платформе по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами, удостоверенные правом на материальные, интеллектуальные услуги и активы, основываются на праве частной собственности (частное предпринимательство);

      выпускаемые обеспеченные цифровые активы на цифровой платформе по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами, имеющие подтверждение имущественных прав на собственность и (или) право интеллектуальной собственности устанавливаются в соответствии с соглашением между пользователями цифровой платформы по хранению и обмену обеспеченными цифровыми активами;

      9) описание технологического процесса, при наступлении которого выпуск обеспеченных цифровых активов признается состоявшимся (завершенным);

      10) о дате начала размещения выпускаемых обеспеченных цифровых активов;

      11) о регистрации на портале уполномоченного органа по финансовому мониторингу.

      4. Решение о выпуске обеспеченных цифровых активов составляется в электронной форме и подписывается электронной цифровой подписью лица, выпускающего обеспеченные цифровые активы.

      5. Решение о выпуске обеспеченных цифровых активов публикуется на интернет-ресурсе лица, осуществляющего выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов, и должно находиться в открытом доступе до полного исполнения обязательств лица, инициировавшего выпуск обеспеченных цифровых активов, перед всеми обладателями обеспеченных цифровых активов, выпущенных на основании соответствующего решения о выпуске обеспеченных цифровых активов в соответствии со статьей 7 Закона.