Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау – банктің уәкілетті алқалы органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:
1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету;
4) банктің және оның қызметкерлерінің, банк клиенттерінің заңға қарсы қызметті жүзеге асыруларына, оның ішінде алаяқтық, алдау, КЖ/ТҚ, Қазақстан Республикасының аумағында КЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операциялар жүргізумен байланысты операцияларды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді одан әрі сатып алуға байланысты операцияларды жүзеге асыруға тартылуларына жол бермеу.
Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына қатысты банк КЖ/ТҚ тәуекелін бағалауды жүзеге асырады. Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген кезде банк клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде:
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне бағалау жүргізуге;
клиенттер үшін көзделген тиісінше тексеру жөніндегі шаралардан басқа цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының беделі мен қызметінің сипаты туралы мәліметтерді алу және тіркеу, "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу комитеті тарапынан оған қатысты шаралар қолдану жөніндегі шараларды қамтитын іскерлік қатынастарды орнату кезінде тиісінше тексеру рәсімдерін жүргізуге;
банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бүркеме-банктегі шоттарды пайдалану фактілерін анықтаған жағдайларда, цифрлық активтердің платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;
құрылтайшылары мынадай:
қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не тиісінше орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген;
оған қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген;
банк басқа факторлар негізінде (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін білдіреді деп айқындаған шет мемлекеттің аумағында тіркелген, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысымен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға немесе оларды тоқтатуға;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының ақшасымен жүргізілетін операциялардың мониторингін жүзеге асыруға және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде офшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;
ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар (бұдан әрі – күдікті операциялар) анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шараларды қабылдауға;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;
банктік шотты толықтыру кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;
ақшамен операциялар бойынша транзакциялар жазбасын сақтауды қамтамасыз етуге және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысын тиісінше тексеру шеңберінде алынған және жиналған құжаттарды, деректерді және (немесе) мәліметтерді кемінде бес жыл сақтауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының және оның бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына тиесілілігін және (немесе) қатыстылығын тексеруді жүзеге асыруға;
күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген мерзімдерде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға қажетті ақпаратты ұсынуға жауап береді.
Банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банктің клиенттеріне қатысты банк операциясын жасау күніне валютаның нарықтық айырбастау бағамы бойынша баламасында 1 000 (бір мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға біржолғы банктік операциялар жүргізу кезінде клиенттердің күдікті операциялар жасау жағдайларын қоспағанда, клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.
Банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банктің клиенттеріне қатысты банк операциясын жасау күніне валютаның нарықтық айырбастау бағамы бойынша баламасында 1 000 (бір мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомаға біржолғы банктік операциялар жүргізу кезінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және мыналарға:
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының пайдасына аударымды жүзеге асыру кезінде банк клиенттері қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;
күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шаралар қабылдауға;
банк клиенттерінің ақшасымен жасалатын операциялардың мониторингін жүзеге асыру және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде офшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтатуға жауап береді.
Клиенттердің операцияларына қызмет көрсету үшін банк шотын ашу кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы мынадай құжаттарды ұсынады:
"Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсетуге берген лицензиясы;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тізілімнен үзінді - көшірме;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бизнес-жоспары мен бизнес-моделі;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаты;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының басшысын тағайындау туралы бұйрығы;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органы және оның басшысы туралы ақпарат (жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты жері туралы деректерді растау, ұсыным хаттар, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер).
Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті (бақылау ортасы) банктің директорлар кеңесі мен банк басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы қатынасын, хабардар болуын және практикалық іс-әрекеттерін сипаттайды.".
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |