БҰЙЫРАМЫН:
1. "Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386 НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21436 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі – ИҚБШ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары ИҚБШ арқылы жүзеге асырады.
Заңның 30-бабының 3-тармағына сәйкес арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары – жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды ИҚБШ пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.";
8-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Байланыс операторы "IP-мекенжайлар каталогы" (https://catalog.sts.kz) ИР Пайдаланушылар туралы ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отырады.
ИҚБШ жабдығында "IP-мекенжайлар каталогы""(https://catalog.sts.kz) ИР-да жоқ пайдаланушылардың IP-мекенжайларына анықталған кезде МТҚ байланыс операторына IP-мекенжайлардың деректер тізімін қоса бере отырып, электрондық пошта арқылы хабарлама жібереді.
Байланыс операторы МТҚ-дан хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде "IP-мекенжайлар каталогы" АЖ-дағы IP-мекенжайлар тізімін өзектілендіреді.
Байланыс операторы көрсетілген мерзімде орындамаған кезде, МТҚ хабарландыруда көрсетілген IP-мекенжайлардан Интернетке қол жеткізуді бұғаттайды.
IP-адрестердан Интернетке қол жеткізуді ашу байланыс операторы деректерді өзектілендіргеннен кейін жүргізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Пайдаланушы жылына кемінде бір рет МТҚ-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 133-тармағы 2), 3) тармақшаларына сәйкес ИҚБШ жабдығында қолдану үшін ИР санаттарының тізімін және пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімін ұсынады.
Пайдаланушы ӨӨЖ арқылы ИР санаттарының тізімін және пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімін қоса бере отырып, заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімді МТҚ-ға жібереді.";
мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. МТҚ пайдаланушының сұрауы негізінде, оларға берілген ИР санаттарының тізімдеріне және телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларына сәйкес, ИҚБШ жабдығында ол үшін бір күнтізбелік жыл мерзімге Интернетке қажетті қолжетімділікті ашады.
15-2. ИР санаттарының тізімі және телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайлары негізінде, сондай-ақ пайдаланушы үшін ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және қатер төндіретін жеке виртуалды желілерді (VPN) және өзге де желілік сервистерді пайдалану үшін ИҚБШ жабдығында Интернетке қажетті қолжетімділікті ашуға байланысты Пайдаланушының сұратуларын ол МТҚ-ға заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімдер ӨӨЖ арқылы жіберу жолымен ресімдейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Интернет-ресурстар санаттарының тізімін және Пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімдерін алғаннан кейін МТҚ он жұмыс күні ішінде ИҚБШ жабдығындағы тиісті саясаттарды қолданады және Пайдаланушыны жүргізілген іс-шаралар туралы хабардар етеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Зиянды контентке қол жеткізуді уақтылы анықтау және шектеу үшін МТҚ ИР-нің келесі санаттарын қоспағанда, пайдаланушылардың шифрланған трафигіне талдау жүргізу үшін ИҚБШ жабдығында тиісті техникалық іс-шараларды іске асырады:
1) қаржы және банктер (finance and banking);
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар (government and legal organizations);
3) сұлулық және денсаулық (health and wellness);
4) жеке ақпарат (personal privacy);
5) бейне-конференц-байланыс қызметтері;
6) АҚ құралдарының қолтаңбаларын жаңарту сервистері;
7) операциялық жүйелерді жаңарту қызметтері.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" бірыңғай электрондық пошта шлюзінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 17-1) тармағына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі – ЭПБШ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.".
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. ЭПБШ-ға қосылған электрондық пошта жүйелері трафигінің штаттан тыс белсенділігі анықталған кезде МТҚ ЭПБШ-нің IP-мекенжайларын сенімсіз IP-мекенжайлар мен домендердің жаһандық базаларына енгізуді болдырмау мақсатында олардың жұмыс істеуін тоқтата тұрады, кейіннен электрондық пошта жүйесінің меншік иесін бұғаттау туралы хабардар етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Турысов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті