Бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 мамырда № 32419 болып тіркелді

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бонитерді (сыныптаушыны) оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына
1-қосымша

Бонитерді (сыныптаушыны) оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі

Курстың атауы

Курстың мазмұны

Оқыту нәтижесі

Оқу түрі

Көлемі, сағатпен

1

2

3

4

5

Ауыл шаруашылығы жануарларын (бұдан әрі – жануарлар) бонитирлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Жануарларды бонитирлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау бойынша теориялық негіздерді меңгеру, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін салыстыру, зоотехникалық журналдарды жинау және талдау, сондай-ақ асыл тұқымдық есепке алу нысандарын толтыру бойынша

теориялық

4

Жануарлардың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалау

Жануарларды шаруашылыққа пайдалылығы (тұқымдылығы, өнімділік қасиеттері сыртқы конституциялық белгілері) бойынша бағалау әдістерін білу

теориялық

4

Жануарларды бонитирлеу нәтижелері

Жануарлар кластарын анықтауды және асыл тұқымдық жұмыста бонитирлеу нәтижелерін жұмыста пайдалана білу

теориялық

4

Жануарларға бонитирлеу жүргізу

Жануарларға бонитирлеу жүргізе білу (жануарлардың жеке нөмірлерін салыстыру, өлшеу, сыртқы пішінін көзбен шолып бағалау, өнімділік қасиеттері), сондай-ақ бағаланған жануарлардың селекцияланатын белгілері үшін балдарды есептей білу

практикалық

8

Бонитирлеу нәтижелерінің жиынтық ведомосін жасау

Бонитирлеу нәтижелерінің жиынтық ведомосін жасай білу.
Жануарларды тұқымы, класы бойынша бөле білу, табын, үйір және отарды сипаттай білу, жануарлардың селекциялық және өндірістік топтарын бөліп көрсете білу

практикалық

4

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың (бұдан әрі – САТЖАҚ) ақпараттық қорындағы жұмыс

Бонитирлеу туралы деректерді САТЖАҚ-қа енгізе алу

практикалық

2

Тестілеу жүргізу

Тестілеуді жүргізу. Жануардың тиісті түрі бойынша бонитерлерді (сыныптаушыларды) оқыту курсынан өткені туралы құжат беру

тестілеу

2

Теориялық дағдылар




12

Практикалық дағдылар




14

Қорытынды бақылау




2

Барлығы




28 сағат

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына
2-қосымша

Техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі

Курстың атауы

Курстың мазмұны

Оқыту нәтижесі

Оқу түрі

Көлемі, сағатпен

1

2

3

4

5

Ауыл шаруашылығы жануарларын (бұдан әрі – жануарлар) қолдан ұрықтандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Қолдан ұрықтандыру пункттерінің жарақтандырылуын білу, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау

теориялық

2

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар, қолдан ұрықтандыру пункттерінде есепке алу және есеп беру

Қолдан ұрықтандыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды білу. Ұрықтандыру және төлдеуді есепке алу журналын жүргізу

теориялық

3

Жануарлардың аналықтарының жыныс мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы

Жануарлардың аналықтарының жыныс мүшелерінің морфофункционалдық ерекшеліктері мен топографиясын білу

теориялық

3

Жыныстық цикл. Жыныстық цикл кезеңдері. Жануарлардың күйлеп жүрген аналықтарын анықтау және ұрықтандыру уақытын тандау тәсілдері.
Күйлеуді ынталандыру және синхрондау

Жануарлардың жыныстық циклі мен жыныстық циклінің кезеңін, күйлеп жүрген аналықтарды анықтау әдістерін, аналықтарды оңтайлы ұрықтандыру үшін уақыт таңдауды, күйлеуді синхрондау схемасын білу

теориялық

3

Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрықтарының өміршеңдігіне әсер ететін факторлар

Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрықтарының өміршеңдігіне әсер ететін факторларды (бөлмедегі жарық пен температураны, тұқымды сақтау және тасымалдау, құралдар мен ыдыстардың стерильділігі) білу

теориялық

3

Қолдан ұрықтандыру құралдарымен танысу

Қолдан ұрықтандыруға арналған құралдар мен жабдықтарды, оларды күтіп-ұстау және стерильдеу тәсілдерін білу. Ветеринариялық препараттар мен құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау

практикалық

2

Ұрықты жібіту және катетерге кұю тәртібі. Ұрықтың сапасын бағалау.
Сұйық азотпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

"Өсімді молайту құралдары. Бұқалардың ұрығы мұздатылған.Техникалық шарттар" МЕМСТ 26030 мемлекетаралық стандартына сәйкес ұрықты алу және (немесе) жібіту, катетерге кұю және бағалау тәртібін білу.
Сұйық азотпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын білу

практикалық

2

Жануарларды ректалды зерттеу технологиясы

Жануарларды ректалды зерттеу технологиясын, пальпация және ультрадыбыстық зерттеу әдістерін ерте буаздылығын анықтау

практикалық

5

Жануарларды қолдан ұрықтандыруды жүргізу

Жануарлардын қолдан ұрықтандырудың мано-цервикалды, визо-цервикалды, ректоцервикальды тәсілдерін меңгеру

практикалық

7

Тестілеу жүргізу

Тестілеуді жүргізу.
Техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарынан өткені туралы құжат беру

тестілеу

2

Теориялық дағдылар




14

Практикалық дағдылар




16

Қорытынды бақылау




2

Барлығы




32 сағат

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына
3-қосымша

Эмбиондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі

Курстың атауы

Курстың мазмұны

Оқыту нәтижесі

Оқу түрі

Көлемі, сағатпен

1

2

3

4

5

Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Суперовуляция деңгейіне, жұмыртқаның ұрықтануына және эмбриондардың сапасына әсер ететін факторларды білу

теориялық

4

Күйлеуді синхрондау

Донорларды (ауыл шаруашылығы жануарларын) іріктеу, кейіннен гормоналды ынталандыру, күйлеу және суперовуляция шақыру принциптерін білу.

теориялық

4

Эмбриондардың сапасын бағалау

Эмбрионның эмбриологиясы мен морфологиясын білу.
Эмбрионның сапасына әсер ететін факторлар.
Эмбриондардың сапасын бағалау және оны транспланттау (ауыстырып салу) технологиясын білу

теориялық

4

Есепке алу және есеп беру құжаттары

Донорлардың, реципиенттердің ведомостерін және төлдеу журналын жасай білу.
Эмбрионға асыл тұқымдық куәлікті толтыра білу

теориялық

4

Эмбриондарды транспланттауға (ауыстырып салуға) арналған құралдармен танысу

Эмбриондарды транспланттауға (ауыстырып салуға) арналған құралдар мен жабдықтарды, оларды күтіп-ұстау және зарарсыздандыру тәсілдерін білу. Ветеринариялық препараттар мен құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау

практикалық

2

Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу)

Күйлеуді синхрондауды, донордан эмбриондарды алу және реципиенттерге транспланттау (ауыстырып салу) процесін білу

практикалық

16

Тестілеу жүргізу

Тестілеуді жүргізу.
Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарынан өткені туралы құжат беру

тестілеу

2

Теориялық дағдылар




16

Практикалық дағдылар




18

Қорытынды бақылау




2

Барлығы




36 сағат


Об утверждении Типовых программ курсов обучения бонитера (классификатора), техника-осеменатора и специалиста по трансплантации (пересадке) эмбрионов и объемов их часов

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 апреля 2023 года № 162. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 мая 2023 года № 32419

      В соответствии с подпунктом 4-7) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О племенном животноводстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) типовую программу курсов обучения бонитера (классификатора) и объем их часов согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) типовую программу курсов обучения техника-осеменатора и объем их часов согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) типовую программу курсов обучения специалиста по трансплантации (пересадке) эмбрионов и объем их часов согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Департаменту животноводства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 26 апреля 2023 года № 162

Типовая программа курсов обучения бонитера (классификатора) и объем их часов

Наименование курса

Содержание курса

Результаты обучения

Вид занятия

Объем, в часах

1

2

3

4

5

Организация мероприятий по бонитировке сельскохозяйственных животных (далее – животные)

Организация мероприятий по бонитировке животных

Владение теоретическими основами по соблюдению ветеринарно-профилактических мероприятий, сверке индивидуальных номеров сельскохозяйственных животных, сбору и анализу зоотехнических журналов, а также по заполнению форм племенного учета

теоретические

4

Оценка племенных качеств животных

Знание методов оценки животных по хозяйственно полезным признакам (породность, продуктивные качества, экстерьерно-конституциональные особенности)

теоретические

4

Результаты бонитировки животных

Умение определять классы животных и использовать результаты бонитировки в племенной работе

теоретические

4

Проведение бонитировки животных

Умение проводить бонитировку животных (сверку индивидуальных номеров животных, взвешивание, визуальную оценку экстерьера, продуктивные качества), а также подсчет баллов за селекционируемые признаки оцененных животных

практические

8

Составление сводной ведомости результатов бонитировки

Умение составлять сводную ведомость результатов бонитировки.
Умение распределять животных по породности, классам, охарактеризовывать стад, табунов и отар, выделять селекционные и производственные группы животных.

практические

4

Работа в информационной базе селекционной и племенной работы (далее – ИБСПР)

Умение вносить данные о бонитировке в ИБСПР

практические

2

Проведение тестирования

Проведение тестирования.
Выдача документа о прохождении курсов обучения бонитеров (классификаторов) по соответствующему виду животного

тестирование

2

Теоретические навыки




12

Практические навыки




14

Итоговый контроль




2

Итого




28 часов

  Приложение 2 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 26 апреля 2023 года № 162

Типовая программа курсов обучения техника-осеменатора и объем их часов

Наименование курса

Содержание курса

Результаты обучения

Вид занятия

Объем, в часах

1

2

3

4

5

Организация мероприятий по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных (далее – животные)

Организация мероприятий по искусственному осеменению животных

Знание оснащҰнности пунктов искусственного осеменения, соблюдение ветеринарно-санитарных требований

теоретические

2

Ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила, учет и отчетность на пунктах искусственного осеменения

Знание ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил при искусственном осеменении. Ведение журнала учета осеменения и отелов

теоретические

3

Анатомия и физиология половых органов маток животных

Знание морфо-функциональных особенностей и топографии половых органов маток животных

теоретические

3

Половой цикл. Стадии полового цикла. Способы выявления маток животных в охоте и выбор времени осеменения.
Стимуляция и синхронизация половой охоты

Знание полового цикла и стадии полового цикла животных, способы выявления маток в охоте, выбор времени для оптимального осеменения маток, схемы синхронизации половой охоты

теоретические

3

Факторы, влияющие на жизнеспособность семени племенных животных – производителей

Знание факторов, влияющих на жизнеспособность семени племенных животных – производителей (освещенность и температура в помещении, хранение и транспортировка семени, стерильность инструментов и посуды)

теоретические

3

Ознакомление с инструментами для искусственного осеменения

Знание инструментов и оборудования для искусственного осеменения, их содержание и способы стерилизации. Соблюдение техники безопасности при использовании ветеринарных препаратов и инструментов

практические

2

Порядок размораживание семени и заправка в катетер, оценка качества семени.
Техника безопасности при работе с жидким азотом

Знание порядка получения и (или) размораживания семени, заправки семени в катетер, оценки семени согласно межгосударственному стандарту ГОСТ 26030 "Средства воспроизводства.
Сперма быков замороженная.
Технические условия". Знание техники безопасности при работе с жидким азотом

практические

2

Технология ректального исследования животных

Владение техникой ректального исследования, способом пальпации и ультразвуковым сканером, определение стельности животных

практические

5

Проведение искусственного осеменения животных

Владение мано-цервикальным, визо- цервикальным, ректо-цервикальным способами искусственного осеменения животных

практические

7

Проведение тестирования

Проведение тестирования.
Выдача документа о прохождении курсов обучения техника-осеменатора

тестирование

2

Теоретические навыки




14

Практические навыки




16

Итоговый контроль




2

Итого




32 часа

  Приложение 3 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 26 апреля 2023 года № 162

Типовая программа курсов обучения специалиста по трансплантации (пересадке) эмбрионов и объем их часов

Наименование курса

Содержание курса

Результаты обучения

Вид занятия

Объем, в часах

1

2

3

4

5

Организация мероприятий по трансплантации (пересадке) эмбрионов

Организация мероприятий по трансплантации (пересадке) эмбрионов

Знание факторов, влияющих на уровень суперовуляции, оплодотворяемость яйцеклеток и качество эмбрионов

теоретические

4

Синхронизация половой охоты

Знание принципов отбора доноров (сельскохозяйственных животных) с последующей гормональной стимуляцией, вызывание охоты и суперовуляции

теоретические

4

Оценка качества эмбрионов

Знание эмбриологии и морфологии эмбриона.
Знание факторов, влияющих на качество эмбриона.
Знание оценки качества эмбрионов и технологии их трансплантации (пересадки)

теоретические

4

Учетные и отчетные документы

Умение составлять ведомости доноров, реципиентов, журнала приплода.
Умение заполнять племенное свидетельство на эмбрион

теоретические

4

Ознакомление с инструментами для трансплантации (пересадки) эмбрионов

Знание инструментов для трансплантации (пересадки) эмбрионов, их содержание и способы стерилизация. Соблюдение техники безопасности при использовании ветеринарных препаратов и инструментов

практические

2

Трансплантация (пересадка) эмбрионов

Знание синхронизации охоты, процесса извлечения эмбрионов от донора и трансплантации (пересадки) реципиентам

практические

16

Проведение тестирования

Проведение тестирования.
Выдача документа о прохождении курсов обучения специалиста по трансплантации (пересадке) эмбрионов

тестирование

2

Теоретические навыки




16

Практические навыки




18

Итоговый контроль




2

Итого




36 часов