"Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32460 болып тіркелді

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жаңадан салынған сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізілген сумен жабдықтау жүйелерін шаю және дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін пайдалануға жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің сумен жабдықтау жүйесінен құрылыс объектісінің сумен жабдықтау желісін ауызсумен жуу және дезинфекциялау кезінде пайдаланылған судың көлемі көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша құрылыс салушы белгілейтін ауызсуды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Есепке алу аспаптарының түрін, сондай-ақ техникалық және метрологиялық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті берушімен келісу қажет.

      Ауызсуды есепке алу аспабы болмаған кезде пайдаланылған судың көлемі су құбырларының гидравликалық есебіне сәйкес жуылатын құбырды толық толтырған кезде және ондағы су қозғалысының жылдамдығы кемінде 1 м/сек болғанда айқындалады.

      Құбырлар мен сыйымдылық құрылыстарын дезинфекциялау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын жуу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген Ауызсу мен тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 163 "Об утверждении Правил пользования системами водоснабжения и водоотведения населенных пунктов"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 мая 2023 года № 325. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 мая 2023 года № 32460

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 163 "Об утверждении Правил пользования системами водоснабжения и водоотведения населенных пунктов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10658) следующее изменение:

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Пользование вновь построенными системами водоснабжения, а также системами водоснабжения, на которых проводились ремонтные работы, допускается после проведения промывки и дезинфекции систем.

      При проведении промывки и дезинфекции сети водоснабжения строительного объекта питьевой водой из системы водоснабжения услугодателя объем использованной воды определяется по показаниям прибора учета питьевой воды, устанавливаемого застройщиком по согласованию с услугодателем. Тип прибора учета, а также его технические и метрологические характеристики согласовывается с услугодателем.

      При отсутствии прибора учета питьевой воды объем использованной воды определяется согласно гидравлического расчета водопроводных труб при полном наполнении промываемой трубы и скорости движения воды в ней не менее 1 м/сек.

      Дезинфекция трубопроводов и емкостных сооружений, промывка сетей и сооружений водоснабжения и водоотведения осуществляется согласно Инструкции по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод, утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29 декабря 2011 года № 539.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан