"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бонитердің (сыныптаушының) біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техник-ұрықтандырушының біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 174 бұйрығына 1-қосымша |
Бонитердің (сыныптаушының) біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі
Курстың атауы | Курстың мазмұны | Оқыту нәтижесі | Оқу түрі | Көлемі, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бонитирлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | Ауыл шаруашылығы жануарларын бонитирлеу бойынша білімін арттыру | Тиісті сынып бере отырып, жануарлардың асыл тұқымды құндылығының деңгейін шаруашылыққа пайдалы белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімділік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша анықтай білу | теориялық | 1 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайтудың генетикалық негіздері | Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқым қуалайтын фенотиптік белгілері (доминантты және рецессивті гендер) қағидаттарын білу | теориялық | 1 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар. | Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыра білу | теориялық | 1 | |
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында (ақпараттық-талдамалық жүйеде) асыл тұқымдық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу. |
Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының ақпараттық базасында асылдандыру есебін жүргізе білу. | теориялық | 1 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеу және таңдау қағидаттары | Ауыл шаруашылығы жануарларын өз өнімділігі мен ұрпағының сапасы бойынша бағалау көрсеткіштері негізінде іріктеуді және таңдауды өз бетінше жүргізе білу | теориялық | 1 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру әдістері | Ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық және өнімділік сапасын тиімді және жылдам жақсарту үшін оларды өсіру әдістерін білу | теориялық | 1 | |
Өсімді молайту кезіндегі табынның құрылымы | Ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту кезінде табын құрылымының тиімділігін анықтай білу | теориялық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру негізгі қағидаттары | Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандырудың, нормалаудың, рационды құрудың және азық тарату технологиясының негізгі қағидаттарын сақтау | теориялық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бонитирлеуді жүргізу | Ауыл шаруашылығы жануарларын бонитирлеу кезінде олардың шаруашылыққа пайдалы белгілеріне егжей-тегжейлі бағалау жүргізе білу | практикалық | 2 | |
Нақты ауыл шаруашылығы жануарлардың мысалында селекцияланатын белгілері бойынша іріктеу және таңдау | Нақты ауыл шаруашылығы жануарлардың мысалында олардан қажетті сапалы ұрпақ алу мақсатында селекцияланатын белгілері бойынша іріктеу мен таңдау жүргізе білу | практикалық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бонитирлеу кезінде заманауи аспаптармен және жабдықтармен танысу және олардың тиімділігі | Бонитирлеу кезінде заманауи аспаптарды және жабдықтарды қолдана және пайдалана білу және олардың тиімділігі | практикалық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларының рационын құру және азықтандыру | Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру үшін олардың түріне, тұқымына және жыныстық-жас топтарына байланысты рацион құра білу | практикалық | 2 | |
Тестілеу өткізу |
Тестілеу өткізу. | тестілеу | 2 | |
Теориялық дағдылар | 10 | |||
Практикалық дағдылар | 8 | |||
Қорытынды бақылау | 2 | |||
Барлығы | 20 сағат |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 174 бұйрығына 2-қосымша |
Техник-ұрықтандырушының біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі
Курстың атауы | Курстың мазмұны | Оқыту нәтижесі | Оқу түрі | Көлемі, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | Өсімін молайту деңгейін жоспарлау және бақылау | Ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту органдарының құрылымы мен физиологиясының ерекшеліктерін білу | теориялық | 2 |
Репродуктивті дисфункцияның негізгі нысандары, айырмашылықтары және олардың даму себептері | Репродуктивті дисфункцияның негізгі нысандарын, олардың айырмашылықтары мен себептерін білу | теориялық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайтуға қолданылатын гормондық препараттар | Аналықтардың жыныстық құмарлықтарын синхрондауға арналған препараттарды пайдалана және қолдана білу | теориялық | 2 | |
Синхрондау хаттамалары | Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған препараттарды, гормондарды қолдана білу. Әрекет ету және тиімділік қағидаттары | теориялық | 2 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын ректалды зерттеу технологиясы | Пальпация және ультрадыбыстық зерттеу әдістерімен ерте жүктілікті анықтау | практикалық | 4 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу | Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру технологиясын білу | практикалық | 6 | |
Аналық жыныс мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасы | Репродуктивтік дисфункцияны анықтау үшін ультрадыбыстық диагностиканы жүргізе білу. Өсімін молайту органдарының патологиясын диагностикалау, буаздық мерзімін анықтай білу | практикалық | 4 | |
Тестілеу өткізу |
Тестілеу өткізу. | тестілеу | 2 | |
Теориялық дағдылар | 8 | |||
Практикалық дағдылар | 14 | |||
Қорытынды бақылау | 2 | |||
Барлығы | 24 сағат |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 174 бұйрығына 3-қосымша |
Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі
Курстың атауы | Курстың мазмұны | Оқыту нәтижесі | Оқу түрі | Көлемі, сағатпен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ауыл шаруашылығы жануарлары эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | Ауыл шаруашылығы жануарлары эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | Асаовуляция деңгейіне, жұмыртқаның ұрықтануына және эмбриондардың сапасына әсер ететін факторларды білу | теориялық | 2 |
Өнімділік деңгейінің толыққанды эмбриондардың шығуына корреляциялық тәуелділігі | Сапалы эмбриондарды алу үшін донорларды анықтай білу | теориялық | 2 | |
Асаовуляция. Эмбриондарды жуу және алу. | Эмбриондарды жуу және алу тәсілдерін білу. Ауыл шаруашылығы жануарларда асаовуляцияны ынталандыру үшін гормоналды препараттарды пайдалана білу Эмбрион өнімділігін төмендету бойынша сыртқы және ішкі факторларды анықтау дағдыларын білу | теориялық | 6 | |
Эмбриондарды морфологиялық бағалау. Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) және криоконсервациялау технологиясының толыққандылық көрсеткіштері | Эмбриондарды морфологиялық бағалау тәжірибесін алу. Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) және криоконсервациялау технологиясын білу | практикалық | 6 | |
Реципиенттерге эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) | Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) үшін реципиенттерді таңдай білу | практикалық | 6 | |
Тестілеу өткізу |
Тестілеу өткізу. | тестілеу | 2 | |
Теориялық дағдылар | 10 | |||
Практикалық дағдылар | 12 | |||
Қорытынды бақылау | 2 | |||
Барлығы | 24 сағат |