"Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру Тәртібі бекітілсін, осы бұрығының 1 косымшаға сайкес;
2. Нағыз бұйрықтың қосымшасына сәйкес, ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын бекітілі сін, осы бұрығының 2 косымшаға сайкес.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 11 мамырдағы № 424 Бұйрыққа №1 қосымша |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік алгоритмы (бұдан әрі – Тәртіб) уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдау, тіркеу, жеке толық тексеруді, медициналық куәландыруды жүргізу, фото түсіру, сондай-ақ алынуға жататын заттардың тізбе тәртібін анықтайды.
2-тарау. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдау, тіркеу, жеке толық тексеруді, медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі, сондай-ақ алынуға жататын заттардың тізбесі
2. Әскери полиция гарнизондары органдарының бастықтары мыналарды уақытша ұсталған әскери қызметшілердің үй-жайына (бұдан әрі – УҰҮ) қамауға алады:
1) масаң күйде болған адамдарды – медициналық қызметкер куәландырған мастығынан айығу уақытынан бастап үш сағаттан аспайтын мерзімге;
2) қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ішкі істер және әскери полиция органдары ұстаған адамдарды – үш сағаттан аспайтын мерзімге.
3. УҰҮ-ге қамауға алу тәулік бойы жүзеге асырылады.
4. Ұсталған адамға қандай да бір процестік мәртебенің берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, ұсталған әскери қызметшінің бостандығын шектеу нақты болған минутқа дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстау мерзімінің басталуы болып табылады.
УҰҮ-де адамдарды ұстау мерзімі және оны есептеу тәртібі Президенттің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары гарнизондық және қарауылдық қызметтері жарғысының 209-тармағына сәйкес айқындалады.
5. Әскери қызметшіні УҰҮ-ге қамауға алу туралы шешім қабылданғаннан кейін әскери полиция органының кезекші бөлімі тәуліктік нарядының әскери қызметшісі немесе әскери полиция органы бастығының шешімімен УҰҮ-де режимді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген өзге де лауазымды адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) мынадай әрекетті жүзеге асырады:
1) ұстауды жүзеге асырған лауазымды адамнан барлық қолда бар материал қоса берілген жазбаша баянатты қабылдайды;
2) әскери қызметшіні УҰҮ-ге қамауға алу фактісін Кезекші бөлімге жеткізілген адамдарды есепке алу кітабына тіркейді;
3) егер әскери қызметшіні қамауға алудың заңсыздығы анықталған жағдайда мұндай әскери қызметшіні дереу босатады.
Заңсыз қамауға алынған әскери қызметшіні босату туралы Жеткізілгендер кітабына тиісті жазба жасалады.
Заңсыз жеткізу фактісі туралы әскери полиция органының бастығына немесе оның орнында болатын адамға дереу баяндалады.
6. Қамауға алынатын әскери қызметшілер, олардағы заттар мен құжаттарды тексерілетін адаммен бір жыныстағы адам, сондай ақ сол жыныстағы 2 куәгер қатысу барысында толық тексеріледі,. Жеке толық және заттарын тексеріс жасауда куәгерлердің қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда (қол жеткізуі қыйын аумақта, түнгі тәулік уақытында, төтенше және әскери жағадайда), олар куәгерлердің қатысуынсыз, міндетті түрде техникалық тіркеу құралдары жолдары мен нәтежиелерін пайдалану арқылы жүргізуге болады.
7. Толық тексеру кезінде мыналар алынуға жатады:
1) қару, жарылғыш, улы, уландырғыш және өрт қаупі бар заттар, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттық;
2) ұзындығы 50 сантиметрден асатын шарф, белбеу, белдік, аспабау, бау, галстук, сүлгі;
3) шыны ыдыс, шаншатын, аралайтын және кесетін заттар;
4) білезік, портсигар, ойын картасы, ілмек, сақина, сырға, сағат, ордендер, медальдар, металл заттар мен құндылықтар;
5) спирт негізіндегі парфюмерия, одеколон және өзге де бұйымдар;
6) фотоаппарат, бейнекамера, ұялы телефон;
7) ақша, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар.
Уәкілетті адам ұстау мерзімі аяқталғанға дейін алынған заттардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін мәселе мәнісі бойынша шешілгенге дейін құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын заттарды қоспағанда, оларды әскери қызметшіге қайтарады.
Алынған заттар олардың жоғалуына жол бермейтін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
8. УҰҮ-ге қамауға алу алдында медициналық қызметші ұсталған адамды тексеріп, сол жайлы сәйкес жазба жасалынады.
9. Қамауға алынған адамның өзін нашар сезінуіне шағымы немесе науқастану (жарақаттану) белгілері бар болған кезде уәкілетті адам жедел медициналық көмек көрсету бригадасын шақыруды қамтамасыз етеді.
Шұғыл жағдайда қамауға алынатын әскери қызметшінің өміріне қауіп төнген кезде жедел медициналық көмек көрсету бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келуі мүмкін болмаған кезде уәкілетті адам оны жақын жердегі әскери-медициналық мекемеге (ұйымға, бөлімшеге), ондай орын болмаған жерде медициналық ұйымға жедел жеткізуге шаралар қабылдайды.
Егер жедел медициналық көмек көрсету бригадасы қызметкерінің ұсынымы бойынша қамауға алынатын әскери қызметші стационарлық емдеуді қажет етсе, ол медициналық ұйымға (әскери госпитальға, лазаретке) жіберіледі.
10. Уәкілетті адам әскери қызметшіні УҰҮ-ге қамауға алған сәттен бастап оның болатын орны туралы әскери бөлімнің, мекеменің қолбасшылығын дереу хабардар етеді.
11. УҰҮ-ге орналастырылған ер әскери қызметшілер әйел әскери қызметшілерден бөлек орналастырылады.
12. Ұсталған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда уәкілетті адам бұл туралы әскери полиция органының бастығына , сондай-ақ қадағалаушы әскери прокурорға, барынша қысқа мерзімде қайтыс (мерт) болғанның жақын туыстарына, марқұмның отбасысының немесе шақырушысының тұрғын жері бойынша жергілікті әскери басқарма органдарына хабарлау, қайтыс болу фактісін анықтау үшін жедел медициналық көмекті шақыру үшін міндетті әскери бөлім командиріне хабарлайды.
3-тарау. УҰҮ-де ұстау режимі
13. УҰҮ-де ұсталған әскери қызметшілердің құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді.
14. УҰҮ-де ұсталған адамдарды ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, адамгершілік, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және күш көрсетіп қорлау немесе моральдық азап шектіру мақсатындағы әрекетпен қатар жүрмеуге тиіс.
15. Уәкілетті адамның УҰҮ-де әскери қызметшілерді ұстау кезінде қағидалар талаптарын орындауын бақылауды әскери полиция органының бастығы жүзеге асырады.
4-тарау. Қамауға алынған әскери қызметшілерді УҰҮ-ден босату
16. УҰҮ-ге қамауға алынған әскери қызметшілер оларды ұстауға негіз болған мән-жайлар жоққа шығарылған кезде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұстау мерзімі аяқталған соң дереу босатылуға жатады.
17. Босатылған әскери қызметшілерге сақтау заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алынған заттар қолхатпен қайтарылады.
18. Босатылған кезде әскери қызметшіге осы Тәртібі қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның арнайы үй-жайда болғаны туралы анықтама беріледі.
Бұйрыққа № 2 қосымша |
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидалары
1. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдағы нағыз ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидалары уақытша ұсталғандардың ішкі тәртіптемесін анықтайды.
2. УҰҮ-ге қамауға алынған әскери қызметші түнгі уақытта жеке пайдалану үшін жатын орынмен (орындықпен) қамтамасыз етіледі.
2. УҰҮ-де сағатына екі реттен артық емес ішу үшін су беріледі.
3. Уақытша ұсталған адамдарға арналған үй-жай, жабдық пен жиһаз таза ұсталады.
УҰҮ-де сумен жуып-тазалау күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолданумен жүргізіледі. Толық тазалау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі. Дезинфекциялық ерітінділер заттың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақталады. УҰҮ-ге және дәретханаға арналған жинап-тазалау жабдығы функционалдық мақсаты бойынша таңбаланады және сөрелермен және стеллаждармен жабдықталған арнайы бөлінген орында (үй-жайда) жеке сақталады. Жуып-тазалау аяқталғаннан кейін жуылады, дезинфекцияланады және кептіріледі. Кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дератизация мен дезинсекцияны арнайы ұйым жүзеге асырады.
Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларына қосымша |
Арнайы үй-жайдан босатылғаны туралы АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________ берілді.
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ол 20_____ ж. "___" _______ ___сағ.___ мин. 20____ж. "___" ______ ____ сағ. ____ мин. дейінгі уақыт кезеңінде әкімшілік тұрғыдан ұсталып, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болды _____________________________
(органның атауы) әскери полиция органының басшысы
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
20___ж. "___" ________________
М.О.