Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32507 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 362 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Темір жол өтпелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол өтпелерін пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Технологиялық өткелдер кезінде жылжымалы құрам мен көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін осы технологиялық өтпелерді пайдаланатын кәсіпорын және/немесе ұйым қамтамасыз етеді.".

      2. "Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жаңа объектілер пайдалануға берілгеннен және/немесе олар жабылғаннан кейін тармақ иеленуші техникалық паспортқа тиісті өзгерістер енгізеді және заңды түрде расталған техникалық паспорттың көшірме данасын техникалық паспортқа енгізілген барлық өзгерістер туралы хабарлай отырып, оған Ұлттық инфрақұрылым операторына береді. Ұлттық жүк тасымалдаушысы түйісу станциясының техникалық-өкімдік актісіне өзгерістер енгізеді және оған қосымшаны-кірме жолдар ведомосін жасайды.

      12. Кірме жолдар тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы магистральдық және станциялық жолдарға түйіседі. Кірме жолдың шекарасы "Кірме жолдың шекарасы" белгісімен белгіленеді.

      Мұндай белгіні орнату орнын Ұлттық инфрақұрылым операторы жер учаскесіне (кірме жолға) жеке меншік құқығына арналған актінің негізінде айқындайды.

      Кірме жол басқа кірме жолға түйіскен жағдайда, "Кірме жолдың шекарасы" белгісі тармақ иеленушінің келісімі бойынша белгіленеді.";

      20-тармақ алып тасталсын.

      3. "Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мыналарды негізге ала отырып ұсынылады:

      1) онда поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне;

      2) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің болуын және оны пайдалану бойынша тасымалдаушылар ұсыныстарын және магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлуіне;

      3) жүк поездарын қалыптастыру жоспарын және поездар қозғалысы кестесіне;

      4) магистральдық теміржол желісінің шектеулі өткізу қабілеті жағдайында, нормативтік кестеге сәйкес тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру кезектілігінің сақталуына;

      5) Заңнамаға сәйкес теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға кедергі болатын тыйым салулар мен шектеулердің болмауы.".

      4. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      4-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) қосарланған жүк операциясы - жүк алушының өзі түсірген вагонды, жүкті тиеу үшін контейнерді пайдалануы.".

      5. "Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 319 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20796 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін Ұлттық инфрақұрылым операторының мүліктік кешеніне кіретін магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдар мен өзге де объектілер тізбесінен енгізу және алып тастау үшін Ұлттық теміржол компаниясы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті ұсынысты қоса бере отырып, жазбаша нысанда уәкілетті органға жүгінеді.

      Ұсыныс мүліктің функционалдық мақсатын ескере отырып, мынадай шарттарға сүйене отырып дайындалады:

      1) тасымалдау процесінің, поездар қозғалысының және станцияларда маневрлік жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

      2) магистральдық теміржол желісінің бөлек пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілетін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

      3) жанасу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;

      4) кірме жолдарға беру-жинауды, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу және шағылыстыру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін объектілерді (теміржолдарды) пайдалану;

      5) объектілерді техникалық жарамды күйде ұстауды және уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі.".

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 мая 2023 года № 362. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2023 года № 32507

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
исполняющий обязанности
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 16 мая 2023 года № 362

Перечень некоторых приказов Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение

      1. В приказе Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 марта 2011 года № 168 "Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта железнодорожных переездов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6899):

      в Правилах технической эксплуатации, обслуживания и ремонта железнодорожных переездов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Безопасность движения подвижного состава и транспортных средств при технологических проездах обеспечивается предприятием и/или организацией, пользующейся этими технологическими проездами.".

      2. В приказе исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 275 "Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта железнодорожных путей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7020):

      в Правилах технической эксплуатации, обслуживания и ремонта железнодорожных путей, утвержденных указанным приказом:

      пункты 5 и 6 исключить;

      пункты 8 и 9 исключить;

      пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "11. После ввода в эксплуатацию новых объектов и/или их закрытия, ветвевладелец вносит в технический паспорт соответствующие изменения и нотариально заверенную копию экземпляра технического паспорта передает Национальному оператору инфраструктуры, сообщая ему обо всех внесенных в технический паспорт изменениях. Национальный перевозчик грузов вносит изменения в техническо-распорядительный акт станции примыкания и составляет приложение к нему – ведомость подъездных путей.

      12. Подъездные пути примыкают непосредственно и/или через другие подъездные пути к магистральным и станционным путям. Граница подъездного пути отмечается знаком "Граница подъездного пути".

      Место установки такого знака определяется Национальным оператором инфраструктуры на основании акта на право частной собственности на земельный участок (подъездной путь).

      При примыкании подъездного пути к другому подъездному пути, знак "Граница подъездного пути" устанавливается по согласованию с ветвевладельцем.";

      пункт 20 исключить.

      3. В приказе исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 366 "Об утверждении Правил пользования магистральной железнодорожной сетью" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11257):

      в Правилах пользования магистральной железнодорожной сетью, утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Доступ к услугам магистральной железнодорожной сети предоставляется в порядке, установленном настоящими Правилами и согласно подпункту 5) пункта 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях", исходя из:

      1) технических и технологических возможностей магистральной железнодорожной сети для организации движения поездов на ней;

      2) наличия пропускной способности магистральной железнодорожной сети и предложений перевозчиков по ее использованию и распределения национальным оператором инфраструктуры пропускной способности магистральной железнодорожной сети на основе принципов доступа к услугам магистральной железнодорожной сети;

      3) плана формирования поездов и графика движения поездов;

      4) соблюдения очередности предоставления перевозчикам доступа к услугам магистральной железнодорожной сети в соответствии с нормативным графиком в условиях ограниченной пропускной способности магистральной железнодорожной сети;

      5) отсутствия в соответствии с Законом запретов и ограничений, препятствующих осуществлению железнодорожной перевозки.".

      4. В приказе Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 "Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19188):

      в Правилах перевозок грузов железнодорожным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:

      "8-1) сдвоенная грузовая операция - использование грузополучателем выгруженного им вагона, контейнера для погрузки груза.".

      5. В приказе Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 319 "Об утверждении Правил включения и исключения магистральных, станционных путей и иных объектов магистральной железнодорожной сети из перечня магистральных, станционных путей и иных объектов, технологически необходимых для функционирования магистральной железнодорожной сети" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20796):

      в Правилах включения и исключения магистральных, станционных путей и иных объектов магистральной железнодорожной сети из перечня магистральных, станционных путей и иных объектов, технологически необходимых для функционирования магистральной железнодорожной сети, утвержденных указанным приказом:

      в пункт 3 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.